Қысқы демалыс басталды! Құрметті ата-аналар мен оқушылар! 30 желтоқсаннан бастап елімізде қысқы демалыс ресми түрде басталды және 8 қаңтарға дейін жалғасады. Бұл 10 күн – балалардың демалып, жаңа күш-қуат жинауына, отбасымен уақыт өткізуіне керемет мүмкіндік. Оқу-ағарту министрлігі демалысты қызықты әрі қауіпсіз өткізу үшін «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында арнайы ұсыныстар дайындады. Бұл ұсыныстар: • Қауіпсіздік сабақтары; • Білім беру, спорттық және мәдени іс-шаралар; • Шығармашылық жобалар мен отбасылық демалыстарды қамтиды. Естеріңізде болсын, балалардың қауіпсіздігі – ең басты міндет! • Жолда, мұз айдындарында, сырғанақтарда және су қоймалары маңында сақ болыңыздар! • Жаңажылдық гирляндалар мен отшашуларды қолданғанда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыздар! ❄️Баршаңызға қауіпсіз, көңілді және пайдалы демалыс тілейміз!
Қысқы демалыс басталды!
Құрметті ата-аналар мен оқушылар!
30 желтоқсаннан бастап елімізде қысқы демалыс ресми түрде басталды және 8 қаңтарға дейін жалғасады. Бұл 10 күн – балалардың демалып, жаңа күш-қуат жинауына, отбасымен уақыт өткізуіне керемет мүмкіндік.
Оқу-ағарту министрлігі демалысты қызықты әрі қауіпсіз өткізу үшін «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында арнайы ұсыныстар дайындады. Бұл ұсыныстар:
• Қауіпсіздік сабақтары;
• Білім беру, спорттық және мәдени іс-шаралар;
• Шығармашылық жобалар мен отбасылық демалыстарды қамтиды.
Естеріңізде болсын, балалардың қауіпсіздігі – ең басты міндет!
• Жолда, мұз айдындарында, сырғанақтарда және су қоймалары маңында сақ болыңыздар!
• Жаңажылдық гирляндалар мен отшашуларды қолданғанда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыздар!
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии