Мұғалімдер күніне орай 2022 жылдың 30 қыркүйек күні Ақтүйесай орта мектебінде "Дублер күні", яғни білім алушылардың өзін-өзі басқару күні өтті. Дублер күнінің мақсаты - мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру. "Дублер күнін" өткізу мақсатында мектепте Парламент Президенті 10 сынып оқушысы Абаева Асем 9-11 сынып оқушыларымен бастамашыл топ құрылды. Сонымен қатар жоспар бойынша алдын ала өзін-өзі басқару күнін өткізу ережесі, мақсаты мен міндеттері, өткізу форматы мен тәртібі айқындалды.
Мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдерінің рөлін 9 - 11 сынып оқушылары атқарды.