1 маусым күні Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған "Мен өмірдің гүлімін" іс-шарасы өткізілді. Мақсаты балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғап, оларға қамқорлық жасауды тағы бір еске салу. Осылайша болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру. Балалар қызықты ойындар ойнап, би билеп, жұмбақтар шешіп жақсы әсер алды. Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Балаларымыз аман болсын!