Чернигов орта мектебінде 11 мамырдан 15 мамыр аралығында аудандық 5 күндік оқу–дала жиыны өткізілді. Аудан бойынша барлығы 80 бала қамтылды.
Чернигов орта мектебінде 11 мамырдан 15 мамыр аралығында аудандық 5 күндік оқу–дала жиыны өткізілді. Аудан бойынша барлығы 80 бала қамтылды.
Мақсаты: оқушылардың АӘД пәнінен алған теориялық білімдерін іс-тәжірибе негізінде жетілдіру. Болашақ жас сарбаздарды әскер қатарына дайындау, патриоттық сезімдерін ояту, елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Жас сарбаздардың өз іс-әрекетінің дұрыс орындалуын қадағалау, психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру, жанындағы адамдарға көмек беруге, елжандылыққа, қырағылыққа, тапқырлыққа, қиыншылыққа төтеп беруге тәрбиелеу.
Оқу, дала жиынында оқушылар жақсы дайындық жұмыстарын жүргізді. Оқушылар әскери өнердің қыр-сырына машықтанды. Олар 5 күн бойы әскери өмірдің темірдей қатал тәртібімен танысып, ұрыс әдістерін үйренді.
Бүгінгі сапта тұрған жас сарбаздар – ертеңгі Отан қорғаушылары.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии