1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне 2-10 сыныптар арасында "Татулық-достықтың киелі бесігі" атты фестиваль өткізілді
"Бірлік бар жерде — тірлік бар" дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Осыған орай балалар жылы аясында өткізген 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне 2-10 сыныптар арасында "Татулық-достықтың киелі бесігі" атты фестиваль өткізілді. Фестиваль барысында әр сынып оқушылары түрлі ұлт өкілдерін: Испан, Үнді, Орыс, Грузин, Молдаван, Татар, Украин, Өзбек және Қазақ халықтарының биі мен салт-дәстүрлерін паш етті.