Балалар жылы аясында мектебімізде 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай "Бір шаңырақ астында" атты іс шара өткізілді.
#2022Балаларжылы Балалар жылы аясында мектебімізде 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай "Бір шаңырақ астында" атты іс шара өткізілді.Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек. «Қазақта бірлік болмай, тірлік болмас» - деген ұлағатты ұғым бар. Салтанатты жиылыс барысында ұлт өкілдері өз өнерлерімен бөлісіп, ән шырқап,би биледі.