Бастауыштың 1 қазақ сыныбында Нургазина Шынар Амантаевна математика пәнінен ашық сабақ өткізді. Мақсаты 20 көлемінде ауызша қосу және азайтуға берілген есептер шығару. Түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана және жұмыс түрлерін өзгерте отырып оқушылардың белсенділіктерін арттырды. Сабаққа оқушылар қызығушылықпен қатысты. Сабақ барысында оқушылар түрлі тапсырмаларды қиналмай-ақ орындай алды, бұл дегеніміз күнделікті сабақ барысында осы жұмыс түрлері ұйымдастырылып отырылатынды байқалды. Әрбір кезеңі ұтымды ұйымдастырылған осындай сабақтың берер жемісі мол!