12 сәуір күні ғарыш пен Ғылым күніне арналған «жұлдызды калейдоскоп» атты сыныптан тыс іс шара өтті. Математика және физика пәнінің мұғалімі Амербекова Л.К оқушыларға физикалық құбылыстарды білу деңгейін анықтау мақсатында викторина өткізді. Химия-биология пәнінің мұғалімі оқырмандардың назарына ғылымды дамытудың заманауи бағыттары туралы бейнеролик пен презентация ұсынды. Тарих пәнінің мұғалімі Д.Қ.Жамбулат балаларға адамның ғарышқа ұшуы туралы деректі фильмдерді көрсетті. Кітапханашы Винниченко Л.Ю оқушыларға Қазақстандағы ғылым мен ғарыш саласының дамуы туралы айтып, интеллектуалды викторина өткізді.