"Педагог қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыру" тақырыбында мектепішілік әдістемелік отырыс
Ағымдағы жылдың 13-қаңтар күні Кішкенекөл қазақ мектеп-гимназиясында ОІМ Искакова Д.С. ұйымдастыруымен "Педагог қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыру" тақырыбында мектепішілік әдістемелік отырыс өтті. Отырыс барысында ҚМЖ құрастыру ерекшеліктері , 1- жарты жылдық есебі қаралды. Әдістемелік бірлестік жетекшілері бірлестіктерімен күн тәртібіндегі тақырып бойынша тәжірибелерімен бөлісіп, нәтижелі жұмыс атқарды.