Бүгін, қарашаның 22-сі күні "Бастауыш әдістемелік бірлестігі" өз апталығы бастады. Апталықтың тақырыбы "Ел болашағы-білімді ұрпақ". Тақырыпқа сай дәліз толығымен безендірілген. Салтанатты жиында апталықтың жоспарымен таныстырылды. Оқушылар мәнерлеп өлең оқыды, бірлесіп "Тәуелсіз ел ұраны" атты ән орындады. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай дайындалған тапсырмалар оларға қызықты болды. Сонымен қатар 2 қазақ сыныбында "Ана тіліне тағзым" атты ашық тәрбие сағатын Касимова Р. Б. өткізді. Мағыналы өткен бұл сабақтан оқушылардың білім қоржындары молайды.