"Өрт сөндіру бойынша қауіпсіздік ережелері” конференциясы
Ағымдағы жылдың қыркүйектің 16-сы СҚО ТЖД-нің ұйымдастыруымен өткен Zoom платформасы арқылы“Балалардың отпен ойыны. Өрт сөндіру бойынша қауіпсіздік ережелері” тақырыбында конференциясы өтті. Кішкенекөл қазақ мектеп-гимназиясынан 10-сынып оқушылары қатысып, өздеріне қажетті ақпараттарды алды. Өрт пайда болған кезде іс-әрекеттер мен қажетті құралдарды дұрыс пайдалану жөнінде көптеген ақпараттармен танысты.