Бүгінгі білім күніне арналған салтанатты жиын мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қатаң санитарлық- эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып штаттық формада басталды.
Биылғы оқу жылының ерекшеліктерінің бірі А.Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде әзірленген "Әліппе" пәні қайтарылуы.Бірінші қыркүйек күні мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге салтанатты түрде "Әліппе" оқулығын мектеп директоры табыстады. 2-11 аралығында Қазақстан республикасының Тәуелсіздігінің 30жылдығы, ағартушы ұстазымыз Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған "Тәуелсіздік жетістіктері" тақырыбында республикалық сыныптары өткізілді.