«Тіл –халық жанын танудың кілті!» атты тілдер онкүндігі жоспарына сәйкес Бидайық орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жексембаева Сауле Амалгадиновна «Travel to the country of English» атты іс-шара өткізді. Іс –шара барысында Ұлы Британия мен Америка Құрама штаттары жайлы қызықты мәліметтер алып, танымдық ойын, яғни әр түрлі тапсырмалар, сұрақтар, суреттер, картамен жұмыс ұйымдастырылды. Іс-шараның өткізу мақсаты оқушылардың тілге деген қызығушылығын ояту, ауыз-екі сөйлеуін дамыту. Оқушылар өздерінің қосымша мәліметтерін ортаға салып, білім байлығын кеңейтті.