Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530690
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

Мектеп ұжымы "13 түлектерге " тек ризашылығын білдіреді.

 
 
Мектеп білім ошағы ғана емес, мектепте алғашқы есею жолдары басталады. Мектепте адам болып қалыптасып, өмірге қадам басасың. Мектепте адалдықтың, достықтың қадірін түсініп, алғашқы махаббатыңмен табысасың. Он жыл білім алып , ұядан ұшқан балапандай жан-жаққа кетсең дағы, сол бір балалық кездерді, достарыңды, құрбыларыңды, білім нәрімен сусындатқан ұстаздарынды сағынышпен еске аласың. Кездесе қалғанда шүйіркелесе сол бір бал күндерді еске алып , келмеске кеткен балалық, жастық шағындағы қызықтарды айтып бір рахатқа батасың.
Осындай қызықты күндер өткен мектеп қайда жүрсең де сенің есіңнен кетпесі анық.Өйткені бұл сенің ең қызықты күндерің өткен, білім мен тәрбие берген қара шаңырақ. Міне осындай сезіммен осыдан 23 жыл бұрын мектеп табалдырығын аттап кеткен түлектер өз ризашылықтарын білдіру үшін мектептеріне тарту жасады. Айта кетер болсақ мектеп жанындағы "Еркетай" шағын орталығына балалардың ойыншықтарын жинап қоятын жиһаз бен кілемшелер және ойыншықтар сыйға тартты.
1998 жылы Өндіріс орта мектебін бітірген "13 түлектер" біздің мектепте дәстүрге айналған бұл бастаманы қолдай отырып, 180 мың теңгеге жоғарыда айтылған қажетті құралдарды балалардың саналы білім мен тәрбие алуына ықпал жасай отырып, тарту етті.
Мектеп ұжымы "13 түлектерге " тек ризашылығын білдіреді. Түлектерімізге Әз - Наурыз айында жасаған ізгі жақсылықтары үшін алғыс білдіріп , жанұя бақытын , еңбектеріне табыс тілейміз.
Бұл дәстүр - жалғасын тауып, әр жылдары бітірген түлектерімізбен әлі де жылы қауышарымыз , сөзсіз.

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь