Өндіріс орта мектебінде Тұңғыш Президент күніне арналған жоспар бойынша жұмыстар жүйелі жүргізілуде.
Өндіріс орта мектебінде Тұңғыш Президент күніне арналған жоспар бойынша жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Айта кетер болсақ Тұңғыш Президенттің өмірі мен атқарған жұмыстары, жеткен жетістіктері туралы "ғасырдың ғажайып азаматы" тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
Осы күні "Кім? Не? Қайда? Қашан?" тақырыбында 7-8 сыныптар арасында V кезеңнен тұратын Тұңғыш Президенттің өмірі мен атқарған қызметі туралы, Президенттің туындысы - Астана қаласы, шығарған өлеңдері, жанұясы туралы викториналық сұрақтардан жарыс өтті. Оқушылар "Болашақ", "Барыс", "Білгірлер" топтарына бөлініп, сайыс сұрақтарына белсенді жауап берді. Сайыстың негізгі мақсаты оқушыларды ұлтжандылыққа, тұңғыш президенттің тұлғасын дәріптеуге тәрбиелеу болса, ол мақсат орындалды. "Болашак" тобының оқушылары білім сайысында топ жарып жеңімпаз атанды.