«Құқықтық мәдениет»
Жобаның мақсаты Қазақстан халқының құқықтық сауаттылығы деңгейін арттыру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
Құқықтық білім беру негіздерін танымал ету бойынша кең ақпараттық науқан өткізу.
Еңбек ұжымдарында құқықтың түрлі аспектілері бойынша оқыту дәрістерін ұйымдастыру және өткізу.
Құқық бұзылған жағдайда қабылдануы қажет іс-әрекеттер бойынша халықпен мастер-класс ұйымдастыру және өткізу.
Құқықтық мәселелер бойынша өңірлерде семинарлар ұйымдастыру және өткізу.
Халықтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жобаларды іске асыруға ҮЕҰ өкілдерін тарту.
Құқықтың түрлі салалары бойынша білім беру және тәжірибелікбағытталған іс-шаралар кешенін жүргізу.
Арнайы жобаның мақсатты аудиториясы (халық санаты). Қазақстан Республикасының халқы: жастар, оқушылар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық, мұғалімдер, оқытушылар, жұмыспен қамту орталықтарының клиенттері және т. б.
Стратегиялық серіктестер/ зәкірлік ұйымдар. Арнайы жоба шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың ҮЕҰ-мен және қоғамдық бірлестіктермен, жұмыспен қамту орталықтарымен және өзге де білім беру мекемелерімен ынтымақтастыққа мүдделі білім беру ұйымдарымен әріптестігі негізінде жүзеге асырылады.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии