Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530690
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

Адал Ұрпақ клубының отырысы

«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жоспарына сәйкес құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және ол әрекеттер үшін қандай жауапкершілікке тартылатынын кәмелетке толмағандар арасында түсіндіру мақсатында «Құқық бұзушылықтың алдын алу» мен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыптарында оқушылармен "Online" түрде WhatsApp, Zoom арқылы дөңгелек үстел өткізілді.
Клуб құрамына 5-11 сынып оқушылары енген. Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша модельдік тәрбие жұмысының жоспары жасалған. «Адал ұрпақ» клубының жұмысы сол жоспармен астасып, оны байыта түседі. Клуб мүшелері адалдықтың, тәртіптің үлгісі болып, жемқорлыққа қатысты мемлекеттік мәселелерді біліп жүретін болады.
Жалпы, клубымыз оқушыларға құқықтық тәрбие беруге, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Біз осы клуб арқылы балаларды адамгершілікке, ар-ұятты, абыройды ойлауға, , біреудің ала жібін аттамауға, мемлекетті мүлікті бүлдірмеуге үйретеміз.

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь