Үкімет қаулысымен 10 тамыз – "Абай күні" болып жарияланып, мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне енгізілді. Бұл – үлкен қуаныш! Бәріңізді шын жүректен құттықтаймыз!
Жүрегі қазақ деп соққан әрбір қазақ үшін “Қазақтың бас ақыны”, ұлы ойшыл, хакім Абайды, оның мұраларын ұлықтау парыз десем, артық айтқандық емес! Абайды тану, Абайдың мұраларын ұлықтау - қазақтың болмысын тану, қазақ ұлтын ұлықтау! Абайды тек мерейтойында, 10 тамыз- Абай күні ғана дәріптемей, жыл бойы, әрбір қазақ саналы ғұмырында дәріптеуі тиіс. Абай күні құтты болсын, қазақ елі! “Өзі өлсе де, өлмейтұғын артына сөз қалдырған” Абай жасасын, Абай шығармалары жасасын!