Өзін-өзі тану онкүндігінің жоспарына сәйкес 12 ақпан "Отбасы күні" жарияланып, "Біз бақытты отбасымыз" деген ұранымен өтті. Дене шынықтыру мұғалімдері мен сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен 1-10 сыныптар аралығында көңілді спорттық жарыс өтті. Әр сыныптан қатысуға ұсынылған ата -аналар,мұғалімдер және балалардан құралған 2 команда сайысқа түсті. Әр топ жеңіске талпынып,жарыстың қызығына батты. Нәтижесінде, әділқазылар сайыстың жеңімпаздарын анықтап, тәрбие ісі меңгерушісі Каркошева М.Т. қатысушыларға дипломдарын табыстады.