Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530690
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

"Соңғы қоңырау" салтанатты жиын

СҚО,Уалиханов ауданы, Өндіріс орта мектебі. Өндіріс орта мектебінде 25 мамырда сағат 10.00-де мектепте «Соңғы қоңырау» мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Барлық мектеп бойынша 74 оқушы оқу жылын аяқтады. 4 түлек мектептен түлеп ұшты. Түлектер үшін соңғы қоңырау үні болашаққа бағыт көрсетіп, жол сілтейтін ақ жолдай болса, осыдан 25 жыл бұрын бітіріп кеткен біздің мектептің 8-ші түлектері үшін бір мезет сонау балалық шақтарын еске түсірген қоңырау сыңғыры болды. Адам қайда жүрсе де туған жерін ұмытпайды ғой. Сол сағыныш 8-ші түлектердің 25--інші мамыр күні өздері білім алған, оларға білім берген ұстаздармен қауышуына мүмкіндік берді. 36 түлек Қазақстанның әр саласында қызмет етуде. "Орамал тон болмайды, жол болады" - деген қағидамен кешегі білім нәрімен сусындатқан қара шаңырақ- Өндіріс орта мектебіне 8-ші түлектер атынан 6 сыныпқа 6 тақта, 4 түлекке жол сөмке және білім берген ұстаздарына да силықтар табыс етілді. Жас түлектер соңғы мектеп вальсін билеп, ән айтып мұғалімдерге алғыстарын білдірді. Соңғы қоңырау өте жоғары деңгейде өтті.

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь