22 мамыр 2018ж. Бидайық орта мектебінде бастауыштың түлектері 4-сыныпта «Бастауышым-балбұлағым» атты бастауышпен қоштасу ертеңгілігі өтті. Мұндағы мақсат, бастауыштың түлектерінің төрт жыл бойы жинаған- терген білімдерімен өз өнерлерін көрермендерге көрсете білу. Ертеңгілік барысында ең біріншіден бастауыш вальсінен басталды. Оқушылардың биге деген шеберліктерін өзі өнерлерінен әбден көруге болды. Сынып жетекшісі айымгуль Зеннатовна оқушыларының әрқайсысына арнап өлең шығарып, дипломдар берді.
Сонымен қатар, Ана- өмірдің гүлі демекші өз аналарына  өлең жолдарын мәнерлеп айтып, Жукенова Анель «Аяулы ана» әнін орындап  берді. Кейін мектептің әкімшілігінен бастап  әр пән мұғалімдеріне шығарылған өлең жолдарын арнайы айтып берді. “Ұстазым” деген аяулы, асыл жанды, Алғыс айтып, арнаймын жақсы өлең!-деп әр кезеңнің соңында бір ән мен бір би арнап отырды. Бұл жерде оқушылар өз өнерлерін еркін әрі жоғары деңгейде көрсете білді. Соңында әкімшілік және ата-аналар оқушыларға өз құттықтау тілектерін жеткізді.Сонымен қатар мектептің және сыныптың қоғамдық жұмыстарына белсене қатысқандары үшін  Ата-аналар  Алғыс хаттармен марапатталды. Осындай әр жылда өтетін бастауышпен қоштасу мерекелік ертеңгіліктері оқушыларды да, мұғалімдерді де бір қимастықпен толғандыратыны сөзсіз.  


Посмотреть новость на сайте учреждения