Үстіміздегі жылдың 14 сәуір күні Мемлекеттік тілдің қолданнылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттау, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеу, табу мақсатында: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздерінің 25- жылдығына орай облыстық Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледждің Акт залында «Абай» атындағы көркемсөз оқу шеберлері Республикалық байқауының облыстық кезеңінде аудандық кезеңнің жеңімпазы-Чернигов орта мектебінің музыка жетекшісі , тәлімгер Жанайқызы Шынарай топ жарып, І орынға ие болды.
Іс-шараға барлығы аудандық кезеңдердің 14 жеңімпаздары қатысты. Екі кезеңнен тұрған жарыстан сүрінбей өтіп, Бас жүлдені байлаған Шынарай Жанайқызы Астана қаласында өтетін Республикалық кезеңге жолдама алды.
Посмотреть новость на сайте учреждения