Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530690
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

Ашық сабақ "Мен –Қазақстанның азаматымын 1837-1847 жж. К.Қасымұлы көтерілісі"

Мақсаты:

     Білімділік: Оқушыларды қазақ елінің Тәуелсіздік жолындағы күрес кезеңдерімен, жекелеген тұлғалармен таныстыру

     Дамытушылық: Оқушылардың өз ой- пікірін толық және тиянақты жеткізу , пікір алмасу қабілеттерін дамыту

     Тәрбиелік: Оқушыларды  адамгершілікке , патриотизмге тәрбиелеу

Эпиграф

Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен,

Жылағанда жүрегім , күн тұтылып
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген

Ж. Молдағалиев

                                           

Жоспар:

  1. Тақырыппен танысу

 

     1822-1824жылдары Кіші және Орта жүздерде хан билігінің жойылуына байланысты патша өкіметінің орталық езгісі қатты күшейді. 1822ж жарғы бойынша жаңа округтерді ұйымдастыру мал шаруашылығымен айналысқан қазақтардың шаруашылық жағдайын мүлде құлдыратып жіберді.

     XIX ғасырдың 30-40 жылдарын қамтыған Қазақстандағы ең ірі халықтың сипаты бар Кенесары Қасымұлы көтерілісінің алғышарттарын әзірлеуде мұндай әлеуметтік қозғалыстардың маңызы зор болды.

     Абылай ханның ұлдарының бірі Қасым төренің баласы Кенесары сұлтан көтерілісінің басты мақсаты- Қазақстанның патшалы Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау, қазақ жерін бекіністер мен жаңа округтік билеу арқылы жан- жақты отарлауды тоқтату еді. Басты мақсат- бұл күресте тәуелсіз Қазақ хандығына қол жеткізу еді.

 

 

  1. Көтеріліс басшылары

 

Кенесары Қасымұлы

(1802-1847)

 

     Кенесары Қасымұлының көтерілісі XIX ғасырдағы бүкіл Қазақстанды қамтыды. Ұлы, Орта және Кіші жүз қазақтары бұл көтеріліске белсене қатысты. Он жылға созылған көтерілістің басты қозғаушы күші- қазақ шаруалары еді. 1837 жылғы қараша айында Кенесары Қасымұлы Петропавл қаласынан шыққан керуенді қорғайтын Ақтау бекінісі казактарының тобына тұңғыш рет шабуыл жасады. 1838ж көктемінде көтерілісшілердің патша жазалаушы қолдарымен қақтығыстары жиіледі. 1838ж мамыр айында кенесары жасағы Ақмола бекінісіне тұтқиылдан шабуыл жасады. 1841ж Кенесарының қолы Ташкентке аттанды.

     1847ж басында Кенесары қырғыз жеріне басып кірді. 1847ж қазіргі Тоқмаққа жақын Майтөбе (Кекілік сеңгірі) деген жерде қырғыз манаптарының әскерімен шайқаста Кенесары қолы жеңіліс тапты.

     Кенесары әскерінің жеке отрядтарын басқарғандар арасынан қазақтың үш жүзінің де белгілі батырларын кездестіріміз: Ағыбай, Иман (Амангелді Имановтың атасы), Жоламан Тіленшіұлы, Бұхарбай, Бұғыбай, Аңғал батыр, Жеке батыр, Байсейіт батыр, Сұраншы батыр және т.б.

 

 

Амангелді Иманов

 

     Амангелдінің есімі қазақ халқының тарихында аса бір даңқты кезең- 1916 жылғы ұлт- азаттық көтеріліспен тығыз байланысты. Көтерілістің себебі әлеуметтік- экономиялық және саяси сипаттағы факторлар еді. Көтерілістің басталуына патшаның 1916ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43- жасқа дейінгі ер- азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды. Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу, Торғай болды.

Қазан Революциясының алғашқы күндерінен- ақ Аманкелді бұрынғы көтерілісшілердің арасынан қызыл партизандар отрядын құрып, Кеңес өкіметін қорғау және нығайту  күресіне белмене араласты. 1918ж наурызда Аманкелді Кеңестердің облыстық сьезіне қатысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Бейне фильм «Желтоқсан желі»

 

     Желтоқсан көтерілісі- 1986 жылы 17-18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл- әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс- қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады.

     Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде «Желтоқсан 1986 Алматы», «Желтоқсан құрбандарын жоқтау», «Қызғыш құс» кинофильмдері түсірілді.

     Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталады. 99 адам сотталды, 264 студенттер оқудан шығарылды.

     Алматы қаласында орналасқан 1986 жылы желтоқсан көтерілісі еске алу монументі.

 

 

  1. Сандар сөйлейді (Оқушылардың жауаптары)

1837-1848

1783-1797

 


                                                    

Тәуелсіздік

жолындағы        күрес

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1836-1838

1986

XIX ғ, 50 ж. Қазақ шаруалары азаттық көтерілісі

                                                                                                     

 

 

 

 

 

 

 

  1. Тәуелсіздік жолы

 

 

    Нұрсұлтан Назарбаев 1940ж 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасында дүниеге келген. 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, 1960-69жж.- Қарағанды металлургия зауыытында жұмыс істеді. 1973-77жж.- Қармет комбинатының парком хатшысы т.б. 1990ж ақпан- сәуір аралығында Қазақ КСР жоғары Кеңесінің төрағасы болды. 1990ж. сәуірінен- Қазақ КСР президенті.

     1991жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991ж 16- желтоқсанда Қазақстанның жоғары кеңесі «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» заңды қабылдады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Астана

 

 

     1998 жылы 6 мамыр күні Президент Жарлығымен Ақола қаласының аты Астана болып аталды. Қаланың Қазақстан Републикасының астанасы ретінде ресми тұсаукесері 1998 жылы 10 маусымда болып өтті.

     1920-25 жылдары Орынбор қаласы Қазақстанның астанасы болған. 1925ж 9 ақпанда ел астанасы Орынбордан Ақмешітке ауыстырылды. Кейін Ақмешіт атауын Қызылорда қып ауыстырылды. 1929ж мамыр айынан бастап  Қызылорда Қазақ АКСР-і астанасы болды. Кейін Қазақстан астанасы орысы басым жерге Алматыға ауыстырылды. Қазақстанның астанасы Алматы 1997 жылға дейін болды. 1991ж Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін Астананы елдің Оңтүстік- шығысынан республиканың орталығына көшіру жайлы мәселе қозғалды. Талдау қорытындылары барлық нұсқалардың ішінен ең қолайлысы Ақмола болған. 1997ж 20 қазанда Президент Қазақстанның астанасы Ақмола қаласы болғанын ресми түрде жариялады. 1998ж 6 мамыр күні Президент Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып аталды.

 

  • Қорытынды. Йә/ жоқ жауаптар
  • К.Қасымов қазақтың соңғы ханы ?
  • Қ Р өз Егемендігін 1994 ж. алды
  • 1916 ж. Ұлт-азаттық көиерілістің Торғайдағы ошағын А.Иманов басқарды
  • Қ. Рысқұлбеков Алматыдағы болған 1989 жылы Желтоқсан оқиғасы құрбаны
  • ҚР Мемлекеттік рәміздері 1992 ж. бекітілді, қабылданды
  • ҚР жаңа Конституциясы 1993 ж. / 1995 ж./ бірінші Конституциясы қабылданды
  • Қ .Қасымұлы Абылайханның немересі
  • Н . А 1996 жылы 1 желтоқсан президенттікке сайланды
  • Ұлттық теңге 1993 жылы айналымға еңгізілді
  • Біз Қазақстан- азаматымыз

 

  • Үй тапсырмасы 12 мазмұндау. Тақырыпқа байланысты тест құрастыру.

 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь