8- наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған
«Ана – өмірдің гүлі» атты тәрбие сағаты
Мақсаты:
Көрнекілігі: Зал мерекеге сай әсем безендірілген. Шарлар, слайд.
Торт пісіру-оңай ғой
Тек батыл болу керек
7 жұмыртқа,аз ғана ұн керек
3 ас қасық бұрыш
Жоқ әлде олай емеспа?
Крем жасадым,қолымның бәрін күйдірдім
Нәтижесінде-күйіп кеткен бәліш
Мүлдем тортқа ұқсамайды.
Жүргізуші (Мұғалім) Ерте ертеде 1 сұлу, сымбатты жігіт болыпты.Оның жанында толған ғашық қыздары көп болыпты. Жігіт қыздарды 5 саусақтай өзгертеді екен.Біріншісі әдемі емес, екіншісі тәтті тағамдар жасай алмайды, үшіншісі, қошемет айтпайды жігітке, төртіншісі өзіне қарамайды. Сонымен жігіт еш қызды менсінбей жанына жолатпайды екен.Сөйтіп қыз таңдап жүргенде қалай қартайғанын білмей қалыпты.Не әйелі не баласы не немересі болмаған.Кейін ол жалғыздықтан қайтыс болады.Сонымен әр ер адамдар адамгершілігі мол болып, қайталанбас кемшіліктері аз болсын! Әр арулар мен сұлу қыздар мен әйелдер үшін.Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған.Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер бүгінгі
«Ана- өмірдің гүлі» атты мерекелік кешіміз сіздердің құрметтеріңізге арналады.
Мереке құтты болсын, аналарым,
Мәпелеп, еркелеттің, аяладың
Лебізіңе алғысты айта келе
Ән жырымды қабыл ал аналарым!
Ән: « Анаға сәлем »
Жүргізуші : Ак көңілмен, ниетпен,
Әділ баға берсін деп,
Шаршамай, еш жалыкпай,
Айтқаныңызға көндік деп,
Әділқазы алқасын,
Сайлап алсақ жөн болар.
Әділқазылар алқасы: сайланады
Барлық сайыстар соңында әділқазылар алқасы шешімін шығарады. Жеңген топқа құттықтау грамотасыұсынылады .Номинациялар: биязы ана, мейірімді ана, парасатты ана және дарынды ана.
Сайыс шарттары.
2.Жүргізуші (Мұғалім): Енді сайысымызды бастайық.
Өнер қуып аналар өтер деймін
Бір басына өнерлері жетер деймін.
Бәсекеге түскен анасы мен қыздары кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін, – деп кезекті таныстыруға берейік. Ұпай 10 балл.
Сіздердің алдарыңызға сиқырлы гүлдер әкелінді ,сиқырлы гүлдер ішінде би аттары жазылған сіздер сиқырлы гүлдер ішінен 1 гүлді таңдап алып орындап бересіздер биді жақсы қимылмен орындап берулеріңіз керек «Калинка» — орыс халқының әні (ана өзі жалғыз орындайды ), «Қамажай» (2 ана ), «Үнді биі» (ана мен қызы), «Ламбада» (ана мен қызы), «Лезгинка» (ана және сынып оқушылары қосылып биге шығады) сәттлік тілейміз! Ең қызықты жақсы билеген топқа 20 балл
СҰРАҚТАР: (оқушыға):
10.Анаң қандай кино жақсы көреді?
11.Анаңның ең жақсы көретін салаты?
12.Анаң қандай кітап оқығанды ұнатады?
13.Анаң тоқыма тоқығанды ұнта ма әлде үй жинағанды ұната ма?
Аналары оқушыларға ерекше киім дайындайды, дайындыққа 15 мин беріледі, әр топта газет журналдар, қайшы, скрепкалар, жіп, скотч, тиреуіш, клей қолданылады. Әр топқа 20 ұпай беріледі.
Жүргізуші : Ана-адамзат ететін жер шарының әр түкпірінде, әр үйінде мейір мен мерейдің, достық пен туыстықтың туын тіккен адам.
Жүргізуші (Мұғалім ): Аналар мерекесінде барлық аналарға құрмет көрсетіп, тағзым ете отырып, кешімізді аяқтаймыз
Посмотреть новость на сайте учреждения