Бидайық орта мектебінде 10-21.04.17 аралығында «Қауіпсіз интернет» атты онкүндік ұйымдастырылды. Алдымен жоспар құрылып, аға тәлімгер «Қауіпсіз интернет» атты тақырыптық жиын өткізіп, ғаламторды пайдалану ережелерімен таныстырды. Мектеп газетіне психолог Тлеукабылова З.М. «Әлеуметтік желі: дос па әлде қас па?» атты мақала жариялап, түрлі кеңестер берді. Әр буын оқушыларымен «Қауіпсіз ғаламтор» , оны пайдаланудың қауіптілігі, жауапкершілікті сезіну туралы мағлұматтар берді.Әр буында «Балаларды бірге қорғайық!» ата-аналар жиналыстары ұйымдастырылды. «Қауіпсіз интернет еліне саяхат» атты суреттер байқауына 5-7 сынып оқушыларынан 21 оқушы қатысты.Нәтиже төмендегідей:
І орын:7-сынып оқушысы Шахметова Айша
ІІ орын: 7-сынып оқушылары Жахина Эльмира, Амантай Айнұр
ІІІ орын:3-сынып оқушылары Макашева Амина, Нұрдаулет Нұрасыл
5-сынып оқушысы Амангелді Гүлнұр
5-10 сыныптар арасында өткен «Желідегі қарым-қатынас этикасы» және «Интернет және біз» атты шығармалар байқауы жарияланды.
Газет,плакаттар байқауына 8-10 сыныптар қатысты.
І орын: 10 - сынып
ІІ орын: 9- сынып
ІІІ орын 8-сынып
«Қауіпсіз интернет» ақпараттық тұжырымдамасына сай жұмыстар ағым бойынша жүргізілуде.
ТІМ Каркошева М.Т.
Посмотреть новость на сайте учреждения