Жалпы ата-ана жиналысы 29.10.2016 жыл
«Критериалды бағалау – оқушы білімін нақты бағалау»
Мақсаты:
На повестке дня
Мектеп директоры: Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану- сапалы білім негізі.
«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні –қараң, келешегі тұман»,-деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі кезде белгілі бір білім көлемімен қамтамасыз ету жеткіліксіз. Оқушыны білім алуға, оқуға, үйретуге көп мән берілуі тиіс. Оқушыларды кәсіптік білім алуымен қатар шешендік шеберлігі мен баяндау жүйелілігі қалыптасқан,өз пікірін ашық білдіретін саналы ұрпақ етіп тәрбиелеу керек.
Қорыта айтқанда, ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттар ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту мектептің басты міндеті болып тұр. Бүгінгі білім кеңістігінде қажымас ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
Ознакомила родителей с критериальным оцениванием в рамках обновления содержания образования. Оценивание учебных достижений – это процесс установления степени соответствия реально достигнутых обучающимися результатов планируемым целям обучения и ожидаемым результатам. Провела анализ действующей системы оценивания в Казахстане. Отсутствуют четкие критерии для присуждения оценок, поэтому оценки выставляются произвольно. Необходимо вносить радикальные изменения в существующую систему оценивания знаний. Различаются формативное оценивание (оценка применяется для получения данных о текущем состоянии, чтобы определить ближайший шаг в направлении улучшения) и суммативное оценивание (оценка применяется для определения количества изученного материала за пройденный период).
Топтық жұмыстың ережесімен таныстырды (әр топқа тапсырма берілді).
1-9 үстел «Бәйтерек» монументін суреттеу
2-8 үстел «Киіз үй» салу
3-10 үстел «Үй» суреттеу
4-7 үстел «Күз» тақырыбы
5-6 үстел «Бесік» суреттеу
Оценивают работу по пятибалльной шкале, вначале – самооценивание, затем – взаимооценивание, и оценивание по критериям. Таким образом, осуществляя процесс оценивания, мы оцениваем не самого ученика, а проделанный им труд. В критериальном оценивании описаны уровни достижений (в том числе и незначительные), соответствующие каждому баллу. При этом оценивается приращение: ты что-то сделал, пусть немного, но это уже хорошо и ты получишь балл, то есть ты сам несешь ответственность за свою учебу.
Адамның өзінің өзіне беретін бағасы әрекетке ынталандырады және оның тиімділігін арттырады.
Қазіргі білімділік мақсаттарға сай білім алушыны рефлексия жасауға дағдыландыру мұғалімнің басты міндеттерінің бірі болғандықтан, ол – сабақтың да негізгі компонеттерінің бірі болуы тиіс. «Рефлексия» - адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі.
Педагогикалық практикада қолдануға болатын мысалдар келтіре кетсем: бастауыш сынып оқушылары өзі жасаған әрекеттеріне ауызша баға беру, суреттер салу түрінде, ал орта және жоғарғы сынып оқушылары сабақтарда кестелер, диаграммалар, сауалнамалар толтыру, эссе жазу сияқты рефлексифті жұмыс түрлерімен айналыса алады.
Мұғалімнің басты міндеті: оқушының өткізген күні немесе істеген жұмысы жайлы айтқысы, ойымен бөліскісі келетіндей психологиялық ахуал жасау. Әсіресе баланың өзі жасаған әрекеттеріне байланысты басынан өткен сезімдерін қайта оралта алуы, ол жайлы қағазға түсіруі немесе басқаша суреттеуі ерекше жағдайды талап етеді.
Посмотреть новость на сайте учреждения