Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530690
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

Кішкенекөл № 2 ішінара интернатты орта мектебінің «Парызым» тобының есебі 2016-2017 о. ж

Қыркүйек  айының соңғы аптасында Кішкенекөл № 2 ішінара интернатты орта мектебіне бекітілген егде адамдарға көмек көрсету мақсатында
«Парызым тобы» құрылды.  Жалпы саны 52 оқушы.  1 қазан- Халықаралық қарттар күні екені баршамызға белгілі. Қарттар мен мүгедектерге айлығынан арналған іс- шаралар өткізіп тұру жыл сайын дәстүрге айналған .Комитетінің төрағасы мектеп басшысы Оспапов Т.Т., кәсіподағының төрайымы Кожахметова З.О, тәрбие ісінің меңгерушісі Рыскелдин С.Ш, тәлімгер Ерденбаева Ж.А.

Мектепте бекітілген қарттардың тізімі бекітілді  33 қарт бекітілді. Мектеп тарапынан мұғалімдер бір күндік жалақыларын аударып, 33 қартқа 3000 теңге көлемінде сый – сыяпат көрсетілді. Мектеп оқушылары сенбіліктерге қатысып өз үлестерін қосып «Қамқорлық» акциясымен жалғасты.  Мектепке бекітілген қарттарды сыныптарға жүктедік .

Сынып жетекшілері оқушылармен бірге бекітілген қарттардың арнайы үйлеріне барып мерекемен құттықтап, дайындаған сыйлықтарын беріп, өнерлерін көрсетіп әңгімелесіп, жылы лебізбен білдіріп, қарттарға амандықтарын тіледі. Чебакова Вера, Никифорова Лида, Албу Жора, Мерц Евгений, Мукашева Кадиша. Осыған орай мектептің орта және жоғары сынып оқушылары қарттарынан «Парызым» тобы құрылып, жалғыз басты қарттарға көмек көрсетілді. Айтап айтсақ мектепке бекітілген жалғыз басты қарт Чебакова В.П,  Тәлімгер Ерденбаева Жулдыз Адильбековна және Муханов Бораш Ерсайынұлының жетекшілігімен 8 а , в, б сынып оқушылары көмек көрсетті. Вера апайдың үйінің маңайын , бау-бақшасын күзгі қоқыстарды тазартып бердік . 10 б сынып оқушылары  Мерц Евгений, Албу Жора қарттарды мерекемен құттықтады, оқушылардың көмегімен бас тартты, қарттар өз ризашылықтарын білдірді. Соғыс ардагері Исакаев Арынға « Парызым» тобы Охапов А,Д жетекшілігімен 9 а, б сыныптың ер балалары көмек көрсетті. Арын ақсақал атаның қысқы отынын жарып берді.
Жалғыз басты қарт Харланова Евдокия Ивановаға  10 а сыныптың ер балалары көмек көрсетті (көмірін кіргізіп берді) Қалған қарттар оқушылардың көмегімен бас тартып, келгендеріне риза  болып, өз бата- тілектерін жаудыртты. «Қарттарым – асыл қазынам » атты шара интерактивтік тақта арқылы, ата-әжелердің қатысуымен 4 а сыныбында өтті ұйымдастырған Сулейменова К.К қарттарды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеп, әжелердің назарына оқушылардың дайындалған мерекелік концерттің бағдарламасын ұсында. Осылай үлкенге құрмет көрсету әр адамның, әр баланың парызы екенін оқушылардың бойына осындай іс- шаралардың маңызы өте зор.

«Қарттарым – асыл қазынам» деп қарттардың көңілінен шығып, бір қуанып, бір жасап қалдық.

Мектеп басшысының бұйрығымен Чебакова Вера апаның үйіне барып сый- сыяпат  көрсетілді.


Тәлімгер Ерденбаева Ж.А  8 в сынып оқушылармен  бірге Миллера 7/2 үйде тұратын  Чебакова Вера зейнеткер әженің ауласын тазалап, көшесіндегі шарбақтарды жөндеу жұмыстары бойынша көмек көрсеттік.




Жастар ұйымынан келіп түскен бұйрық бойынша  20 қазан күн Арын ақсақал атаның қысқы отынын жарып берді.


Тәлімгер Ерденбаева Ж.А  8 а  сынып оқушылармен  бірге Миллера 7/2 үйде тұратын  Чебакова Вера зейнеткер әженің ауласындағы қарларын тазалады
 


Ауданымыздың жастар бөлімінен келген бұйрық бойынша тәлімгер Ерденбаева Ж.А. 8  в  сынып оқушылармен Бірге Джамбула көшесі 199 үйде тұратын Салимова Алма апаның ауласын қарларын тазаладық.



Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь