Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530690
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

«Бақытың да, байлығың да – Денсаулық» атты тәрбие сағаты

4-сыныпта «Бақытың да, байлығың да – Денсаулық» атты  тәрбие сағаты өтті. Мұндағы мақсат оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыру.

Сабақ  Сара Назарбаеваның мынадай сөздерінен басталды: «Дені сау сәби әр отбасының қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби   – халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі.

«Дұрыс – бұрыс тұжырымдамалар» атты жаттығуда оқушылар әр сөйлемді ажыра білді. Одан кейін оқушылар жұптасып,  «Сау адам» жобасын құрастырды.  Мұнда дені сау адамның бойында қандай қасиеттер болу керек екенін жазды.   «Жаман ой адам денсаулығына әсер ете ме?» деген сұрақ төңірегінде ойтолғау болды. Сонымен қатар оқушылар түрлі жағдаяттар шешті. Осы жағдайда сен не істер едің, қандай да шұғыл шешім қабылдайсың ба?  деген сұрақтарға жауап берді. Сабақты қорытындылай келе оқушылар «Білгенге маржан» атты  денсаулық сақтау кеңестерін алды.



                                                                                           Нургазина Ш.А.


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь