Уа халайық, халайық!
Мұнда назар салайық
Мерекесі халықтың
Наурыз тойын тойлайық
Құтты болсын мереке!
Болсын думан береке – дей отырып 22 наурыз мерекесіне орай, наурыздың 17 – і күні Кішкенекөл № 2 ішінара интернатты орта мектебінің «Балапан» шағын-орталығында «Нұр себеле, ұлыстың ұлы күні» атты ертеңгілік өтті. Мерекеде салт -дәстүрімен, ұлттық ойындар көрсетілді, ең басты қонағы – Қыдыр ата болды. Балалар өз өнерлерін ортаға салды. «Қара жорға», «Кеселер» биін биледі ұлттық ойындардың бірі «Күш сынасу» өткізілді. Ата –аналар «Бесікке бөлу» «тұсау кесу» салт-дәстүрлерін көрсетті! Мерекенің ең басты тағамы – Наурыз көже, ұлттық тағамдар болды. Мереке № 2 Кішкенекөл ішінара интернатты орта мектебің «Балапан» шағын-орталығыда ің сонында Қыдыр ата батасын берді. Шағын орталықтың меңгерушісі Искакова М.З. құттықтау сөзін сөйледі, ақ жаулықты әжеміз шашу шашты.Посмотреть новость на сайте учреждения