Бастауыш сынып мұғалімі Мамирова Анаргуль Нурумжановна «Өзін-өзі тану апталығының» ашылуын «Жүрек жылуы» атты салтанатты ашылумен бастады. Мақсаты: оқушыларды бейімділікке, сыйластыққа , қамқорлыққа үйрету. Көрнекілік құралдары ретінде мұғалім интерактивті тақтаның көмегімен слайд-презентация көрсетті, Сара Назарбаеваның суреттерін, нақыл сөздерін пайдаланды.
Оқушылармен шаттық шеңбер жасалынды, 3 сынып оқушылары Молдагалиева А, Сабирова С, Шалышкина В тақпақтар айтып, Сара Назарбаева туралы қысқаша өмірбаянымен таныстырды.
Виноградова Анастасия «Психология ханшайымы» кейіпінде, ал Хасанова Ангелина «Өзін-өзі тану пәнінің ханшайымы» рөлінде болды. Екі ханшайым арасында сайыс өткізілді.
Анаргуль Нурумжановна оқушыларға викториналық сұрақтар қойып, оқушылар бар білімдерін көрсете білді.
Іс-шараның қорытындысында балалар бір-біріне жүрек жылуын тілек лебіздер арқылы білдірді.
Орындаған: психолог Султанбекова Б.М.
Посмотреть новость на сайте учреждения