Жүргізуші:
- О,жарандар,жарандар, Бәрің мұнда қараңдар. Наурыз той басталды, Текке қарап тұрмаңдар.
Ұштасқан оймен мәңгілік
Біздерде бар сан ғұрып,
Ғасырлардан ғасырға
Келе жатқан жаңғырып.
Бермен жақын тұрыңдар,
Сөзіме көңіл бұрыңдар.
- Армысыздар, ұстаздар, шәкірттер және Күзексай ауылының тұрғындары мен қонақтары! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!
- Уа, ағайын! «Наурызым – бабамның сөзі,
Наурызым – анамның сөзі,
Ғасырдан ғасырға жеткен
Даламның сөзі» демекші, тойымызды бастамас бұрын Қыдыр атамыздан бата сұрап алайық:
(Қыдыр ата бата береді)
- Баталарыңыз қабыл болсын дейміз!
Жаңа жылда көңілдегі көркем ой, асыл арман, ақ тілектеріміз қабыл болсын деген ниетпен барша жиналған қауімді аластау рәсіміне береміз.
(Аластау)
- Уа, халайық, халайық!
Ақ сандықты ашайық,
Бұл мереке, бұл тойдың
Шашуларын шашайық! (Шашу шашылады)
- Наурыз – көктем мерекесі.
Наурыз – жыл басы.
Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп.
Наурыз – қуаныш мерекесі,
Бақыт пен шаттық мерекесі.
Наурыз – шаруаның мерекесі.
Наурыз – еңбек мерекесі.
- Бүгінгі наурыз тойында Күзексай ауылының тұрғындары мен қонақтарына ізгі тілегін білдіру үшін ортаға_____________________________________________
________________________________________шақырамыз. (Тілек айтылады)
- Наурыз — шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз.
Ән салып, жас пен кәріміз,
Би билейік бәріміз.
- Ортаға мектебіміздің мың бұралған биші қыздарың шақырымыз! Қошеметпен қарсы алыңыздар! (Дина, Аида, Аружан)
- Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында.
Бүгінгі мерекеде ән салайық, би билейік,
Өнермен өрге басып кідірмейік. Ендеше біздің оқушыларымыздың наурыз тойына арнаған өнерлерін тамашалыйық.
- Ортада даярлық топ және 1 сынып оқушылары. «Қара жорға» биі қыбыл алыңыздыр.
- Келесі кезекті 2-3-4 сынып оқушыларына береміз. Қожанасырдың хикаяларынан үзінділер.
- Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!
- Ортаға 8-сынып оқушысы Акрамова Аружанды « Шілдехана бесік той » әнімен ортамызға шақырамыз.
- Ортаға 5-7-9 сынып оқушыларың шақырамыз. Салт-дәстүрден көрініс «Бата беру».
- Ортаға 6-8 сынып оқушыларын шақырамыз. Салт-дәстүрден көрініс «Сүйінші».
- Ортада даярлық топ және 1 сынып оқушылары. “Мереке» әні қыбыл алыңыздыр.
- Ортаға 3-4 сынып ұлдарын “Толғау» биімен шақырамыз.
- Ортаға 7-сынып оқушысы Бақыт Сәкенді «Берекелі дастархан» әнімен шақырамыз.
Бүгінді Наурыз мерекесін келіндер сайысымен жалғастыруға рұқсат етіңіздер.
Ашық жарқын жүзді
Әділқазылар біздің
Әділ баға берерге,
Шақырайық біз төрге.
Шеберлікті, білімді,
Сараптап сіздер көріңіздер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңіздер. Сайысымызды әділ бағалау үшін әділ-қазылар алқасын сайлап алайық.
1.
2.
3.
Сайыс, сайыс көңіл шіркін тасысын
Сайыс сайын жанкүйерлер қол ұрсын
Өнерлерін аямайтын біздерден
Сайыскерлер ортамызға кеп енсін – деп отырып бүгінгі сайысқа қатысушы жас келіндерімізді қол соғып құрметтеп ортаға шақырамыз.
1 - ші келініміз: Жумашева Алия – Ахметовтар әулетінің келіні
2 - ші келініміз: Хадирова Алмагуль – Кадировтар әулетінің келіні
3 - ші келініміз: Сулеева Жадра – Сулеевтар әулетінің келіні
4 - ші келініміз: Ибраева Жанат – Ибраевтар әулетінің келіні
Көп сөйлеп жөн жобадан біз аспайық
Қандай сайыс болса да біз қашпайық
Ал, ендеше рұқсат болса « Келіндер сайсын» біз бастайық деп сайыстың шарттарымен таныстырып өтейік.
I. Қане таныс болайық – келіндеріміздің өздерін таныстырып өтеді.
II Өнерлі өрге жүзер – келіндерімізің өнерін тамшалаймыз.
III Қазақтың ырымдары – тиымдар (сұрақ – жауап)
IV Үй тапсырмасы. Қазақтың ұлттық тағамдары – үйден дайындап акеліп қорғау
V «Ана көрген тон пішер» - қол өнер сайысы (Ою ойыу)
Гүл көңілін қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді.
Бірінші кезең бойынша келіндеріміз өздерін таныстырады.
1 - ші келініміз: Жумашева Алия – Ахметовтар әулетінің келіні
2 - ші келініміз: Хадирова Алмагуль – Кадировтар әулетінің келіні
3 - ші келініміз: Сулеева Жадра – Сулеевтар әулетінің келіні
4 - ші келініміз: Ибраева Жанат – Ибраевтар әулетінің келіні
Бастап бүгін келіндердің сайысын,
Келіндерді бар қазағым танысын.
Өнерлі өрге жүзер ендеше,
Келін боп өс туған жердің бағы үшін.
Бүгінгі келіндеріміз өз өнерлерін көрсетеді.
1 - ші келініміз: Жумашева Алия – Ахметовтар әулетінің келіні
2 - ші келініміз: Хадирова Алмагуль – Кадировтар әулетінің келіні
3 - ші келініміз: Сулеева Жадра – Сулеевтар әулетінің келіні
4 - ші келініміз: Ибраева Жанат – Ибраевтар әулетінің келіні
Өнері өрге жүзер талаптының,
Таланты талмай ұшар қанаттының,
Әртістер бар өмірде даңқы асқан.
Көрейік біз өнерін әртістердің – деп «Қазақтың ырымдары – тиымдар сұрақ – жауапқа» кезек келіп жетті. Келіндерімізді ортаға шақырамыз.
Сұрақтар:
Байғазы деген не?
Киіз үйдің сүйектерін ата?
Тұсаукесер дегеніміз не?
Ірімшік қалай жасалады?
Қазақтың ұлттық аспаптарын ата.
Киіз үй жиһаздарын атаңыз.
Қалжа дегеніміз не?
Жасау дегеніміз не?
Осындай болып жатты ұлы жиын.
Жиынның мыңнан бірін айту қиын.
Еті тау, қамыры көл деуге болар
Айтқанда тартыңқырап астың сыйын. Яғни,«Қазақтың ұлттық тағамдары» деп аталатын бұл шартымызда үйден жасалынып әкелінген қазақтың ұлттық ас мәзірін көрсетіп, таныстыру.
Шеберлердің өнер тамып қолынан,
Жаңылмаған ата-баба жолынан.
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,
Біз көрейік таланттының өнерін – дей келе бұл сайысымыз « Ана көрген тоң пішер» деп аталады. Келіндеріміз 5 мнут уақыттың інінде ою өрнек жасау керек.
Осымен сайысымыздың тапсырмалары да аяқталды. Қазылар алқасы қыздарымыздың 5 тапсырма бойынша алған ұпай сандарын санап шығарғанша, кезекті биге береміз.
Ортаға 4-сынып қыздарын «Қамажай» биімен қол соғып қошеметтеп шақырамыз. Қабыл алыңыздар.
Келді бүгін келіндеріміз байқауға,
Сыналып үлкендерден үлгі алуға.
Салты бар өнерлі осы орында,
Берер деп әділқазы әділ баға,- деп сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
Келіндер қалқып бақыт арасында,
Уайым мұң қонбасын басыңызға.
Осымен сайысымызды аяқтаймыз,
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңызға – деп жеңістеріңіз құтты болсын.
«Наурыз» күн мен түн теңеліп, жергегі көкке жан бітіп, жан – жануарлар төлдеп, адамдардың ауызы аққа тиетін, тоң жібіп, Жер – Ана бусанатын, қыстан аман шыққан шаруа адамының арқасы кеңіп, қолынан айыр – күрегін тастамайтын, ерекше күн деп саналған. Наурыз мейрамында ер азаматтарымыз да өз өнерлерін көрсетіп қалсын деп, бүгінді Наурыз тойын ұлттық ойындармен жалғастырамыз. Барша ер азаматтарды ортаға шықырамыз.
Посмотреть новость на сайте учреждения