Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530690
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

«Халық өнері асыл қазына» тақырыбына тәрбие сағаты

«Халық өнері асыл қазына»

 

Мақсаты: 1. Қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиеттерінің халықтың салт-дәстүрлерімен сабықтастығын түсіндіру, кейбір халық әндерін, мақал-мәтелдерін үйрету.

  1. Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін көрсету.

Көрнекілігі: Қазақ үйінің жасауы, мақал-мәтелдер, даналардан шыққан сөз, қолөнер бүйымдары, ою-өрнек түрлері.

Барысы: «Дұшпанға қатал, досқа адал – халық»

 

Кіріспе: Мұғалім:

         Қай заман болсын адамзат алдында тұратын басты міндет – адал, білімді, еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті әр халық салт-дәстүріне орай іске асырады. Яғни әр халық ғасырлар бойы сыннан өтіп, сұрыпталған озық салт –дәстүрлерін жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланып келген.

         Бала тәрбиесі тек мектеп қабырғасында ғана берілмейітіні анық. Ананың бесік жырынан бастап, адамның жер қойынына берілгенге дейінгі өзі көріп-білген салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар барлығы да адамның дүниетанымын қалыптастыратын өмір сабақтары.

         Салт-дәстүр, әдет-ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрі бар. Салт-дәстүрдің пайда болып, қалыптасу тарихына көз жіберсек, олар халықтың әл-ауқат, тұрмыс тіршілік болмысынан туып қалыптасатынын көреміз. Дүниеден өткен адамды жерлеудің салтын қарайтын болсақ, үнділер өте тығыз орналасқандықтан, көмуге жер жетпейтіндіктен мәйітті өртеуі, орыстардың ағаш табытқа салуы, топырағына күрек батпайтын жерде тұратын адамдар мәйітті адам жүре қоймайтын айдалаға апарып тастайды. Қоғамдық салт- қоғамдық болмысиан туындайды деген осы. Сондықтан халық дәстүрлерінің дұрыс – бұрысы бар деуге болмайды.

         Халық педагогикасының тұрмыстық реже болып, халықтың салтына айналған әдет – ғұрыптардың тәрбиелік мәні ерекше.

         Халық тәрбиені балаға ана құрсағында жатқаннан бастайды. Оған куә іштегі сәбидің уақытында дүниеге келуі үшін аналар түрлі ырымдар жасайды.

Шілдехана – сәби дүниеге келшген соң бір жеті бойы ана мен баланы күтіп, оның көңілін көтеріп, оның қасына дастархан жаю әдеті. Қазақ елінің әр түпкірінде бұл рәсім әр қалай өтеді. Сол күні баланы шілде суына шомылдырып. Сыңғырлаған тиындар салады, балаға денсаулықпен бірге байлық тілейді. Шілдехана өткізілетін күні ана әбден сорпаланып өзінің шілде терін шығаруы тиіс.

Қырқынан шығару – бөбек дүниеге келген соң 40 күннен соң оның алғаш рет шашы мен тырнағы алынып, бесікке салу рәсімі орындалады.

         40- күнің өзі ананың бой көтеріп, денсаулығы түзелген кезде болады. Жалпы осы уақыт ішінде ананың да, баланың да денсаулығы өте мықты күтімді қажет етеді. Анаға кіндік шеше көмек беруі тиіс. Бұл дастархан басына тек әйел адамдар келіп қатысады.

3-оқушы.

Есімін атау (ат қою) – бұл рәсім ұлағатты кісіге жүктеледі. Қазақ аттарының көптігі басқа халықтардан ерекшелігі. Қыз балалардың есімдері олардың көркемдігі. Ат қою «көз тимесін», «тіл тимесін» деген оймен қойылады. Ат таңдалғаннан кейін баланың құлағына 3 қайтара айтылады.

Қорытынды. /Оқушылар ойларын ортаға салып, ата дәстүрінің қазіргі кездегі керектігі мен керек жоқтығын сұрап, ортаға  салып білу/

 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь