Шағырсай негізгі мектебінде тарих және география апталығы өтті
«Қазақстан – Мәңгілік Ел»
Шағырсай негізгі мектебінде тарих және география апталығы өтті. Апта бойы мұғалімдер география мұғалімі Искаков Куаныш Серикович және тарих пәнінің мұғалімі Ахметова Зарема Алимтаевна оқушылармен бірге әртүрлі тапсырмалар орындады. Апталықтың қорытындысы «МЕН ЖАС ҒАЛЫМ» атты интеллектуалды олимпиада 5-9 сыныптар арасында өтті. Интеллектуалды олимпиадада І орынға 9-сынып оқушысы Мұхамедхали Жандос ие болды, ІІ орынға 9-оқушысы Атығай Дина ие болып, ІІІ орыды 8-оқушысы Мәжит Абыз иеленді. Апта бойы оқушыларды шығармашылыққа баулу мақсатында «Қазақстан – Мәңгілік Ел» тақырыбында эссе, өлеңдер жазылды. Сол оқушылардың шығармаларын сіздердің назарларыңызға ұсынамын.
Шағырсай негізгі мектебінің
тарих пәнінің мұғалімі
Ахметова Зарема Алимтаевна
«Бірлік болмай-тірлік болмас»
Қазақстан – тәуелсіз, тұғыры биік ел. Осы тәуелсіз ел атануымыз үшін ата-бабаларымыздың көп еңбегі сіңген. Ұрпағының бостандықта, бейбітшілікте өмір сүруі үшін күрескен. Кезіндегі Зар Заман ақындары атанған: Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы сияқты ақындарымыз тәуелсіздікті аңсаған, жырлаған. Осындай керемет күнге 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақ елім қол жеткізді. Біздің ата-бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен 1986 жылы ереуілге шығып, тәуелсіздікті ұрандатқан. Қазақ деген атымызды, еліміздің тілін, дінін сақтап қалуға бар күшін салған екен. Өзіміздің тіліміз, желбіреген көк байрақ туымыз, қонақжай халқымыз, қазақ деген ұлтымыз бары бір бақыт. Содан бері 25 жыл өтіп, Қазақстаным көптеген жетістіктерге жетті. Қазақстанның кең-байтақ жері гүлденіп, көркейіп келеді. Жақында елімізде әлемдік қысқы ойындар универсиадасы сәтті өтіп, елімізге 57 мемлекеттен спортшылар келіп, Қазақстан жайлы керемет әсер алды. Жерлестеріміз еліміздің туын асқақтатып, халқымыз қаншалықты қонақжай екенін білдіріп, Қазақ елін әлемге танытты. Сонымен қатар жақында өтетін ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» тақырыбында Астанамызды көркейтіп жатыр.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев биылғы жолдауында айтқандай: «Ширек ғасырда біз елімізді түбегейлі өзгерткен екі жаңғыртуды іске асырдық. Біздің міндетіміз елдің жаңа өмір шындығы жағдайларындағы жаһандық бәсекеге қабілеттілігі»,-дей келе бұған біз еліміздің жеткен жетістігі мен жетері көп екенін біліп, Қазақ еліміз- Мәңгілік Ел атанып дами береміз. Мемлекеттің болашағы жастардың қолында. Бұл біздің Мәңгілік Елге бастарымыз.
Шағырсай негізгі мектебі
9-сынып оқушысы
Атығай Дина
Жаратылдым топырақта, сен-түбім.
Жалғаны жоқ, бәрі сенен жан-тәңім,
Сенен басқа, бәрі маған қараңғы,
Жарық болар Шолпан, Айым, сен-Күнім.
Мағжан Жұмабаев
Қазақстан – біздің Отанымыз, туған жеріміз, ал біз Қазақстанның болашақ азаматтарымыз. Кезінде Қазақстанның азаматтары, Қазақстанды мәңгілікке қалдырамыз деген ниетпен, қаншама еңбек етіп, тер төгіп, ақыры сол мақсаттарына жетті деп ойлаймын.
Мәңгілік Ел дегеніміз – мемлекеттің ғасырлар тоғысында, ірі державалар арасында бәсекеге төтеп беріп, өзіндік қорғаныс саясатын ұстану деп түсінуге болады. 2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2020 жылға дейінге дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамаған 30 мемлекетінің қатарына қосылуы. Ол-Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті»,- деп бастады. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Мәңгілік Ел қазақ елінің ғасылар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу.
Ғұлама ойшыл, сазгер, қобыз жасаушы Қорқыт бабамыздың өлімге қарсы тұрып, мәңгі өмірге ұмтылуы, тек Қорқыттың ғана емес, сол замандағы билеушілердің елдің мәңгі өмір сүруін қалағандығын білдіреді. Қазақстанды Мәңгілік Елге жеткізіп және де біздің еліміз мәңгі болсын десек, біз соған талпынып, оқып, біздің ата-бабаларымыз сияқты ерінбей еңбек етіп, алдымызға мақсат қойсақ, біз әрине сол мақсатқа жетеміз, сондықтан да, біз ата-бабаларымыздан, батырларымыздан үлгі алуымыз керек және алған білімдерімізді келер ұрпаққа үлгі қылып қалдыруымыз керек. Сондықтан да бүгінгі ісің ертеңге үлгі болсын демекпін!
Шағырсай негізгі мектебі
8-сынып оқушысы
Есмуханова Назерке
Бүгінгі өз келешегіне бет алған тәуелсіз Қазақстан-бұл біздің ортақ жетістігіміз, бұл біздің ортақ мақтанышымыз!
Н.Ә.Назарбаев
Ата-бабаларымыз ұлан-ғайыр қазақ жерін бар күшімен сыртқы жаулардан қорғап келді. Еліміз ұлт-азаттық көтерілістін барлығын бастан кешірді. Қазақ деген батыр халық. Отан деген сөз - бар халыққа ыстық болған қасиетті сөз. «Отан оттан да ыстық» деген рас екен. Осы Отан үшін талай қазақ азаматтары өз өмірлерін қиды. Олардың мақсаты – тәуелсіздікке қол жеткізу болған еді. Ол біздің Мәңгілік Еліміз!
Мәңгілік Ел – бұл біздің жарқын болашағымыз. Әр адам болашағы үшін көп еңбек етуі керек. Осылайша біздің ата-бабаларымыз тәуелсіздік үшін күресте жеңіске жетті. Бұрын қазақ халқы қанша қиын жағдайларды, ашаршылық, соғыс, туған тілімізден айырылмау, барлығын бастан кешірді. Ата-бабаларымыздың арқасында бүгінгі күнге аманшылықпен жеттік. Соның өзі – Мәңгілік Ел іргетасы. Шаңырағы биік еліміздің тарихы мен Мәңгілік Елдің іргетасын қалап кеткен Керей мен Жәнібектен қазақ халқы бастау алған. Сонымен 1991 жылы Қазақ елі тәуелсіздігіне қол жеткізді.
Менің ойымша әр адам өз елін қандай жағдай болмасын қорғау керек. Қазақ еліміздің басты арманы – Мәңгілік Ел болып, дамыған 30 ел қатарын кіру. «Мәңгілік Ел» сөзінің терең тарихы және үлкен мағынасы мен мәні бар. Қазақстан Мәңгілік Ел – ол менің туған елім!
Шағырсай негізгі мектебі
6-сынып оқушысы
Абжанова Адина
Елім менің Қазақстан,
Сен деп соғар жүрегім.
Тәуелсіз ел Қазақстан,
Саған қатты сенемін.
Елім менің байрақты,
Туы көкте желбірер.
Жасай бер мәңгі Қазақстан!
Үздіксің сен әрқашан.
Елім менің Қазақстан
Сені қатты сүйемін.
Сен деп соғар жүрегім,
Мақтанамын сенімен.
Әр уақытта, әр әндерде
Мәңгілік Ел Қазақстан!
Жаса мәңгі Қазақстан!
Шағырсай негізгі мектебі
9-сынып оқушысы
Стал Рахат
Қазақстан Мәңгілік Ел
Батырларым қорғаған
Жасыл жайлау, ашық аспан
Елім менің жайнаған.
Алтын, күміс, қоланы
Алып жатыр жастарда
Көк туымды желбірет
Асқақтай бер әлемге
Қазақстан Мәңгілік Ел!
Шағырсай негізгі мектебі
6-сынып оқушысы
Акрамов Дінмұхамет
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии