Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530690
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

6 наурыз күні бастауыш сыныптар арасында "Ана – өмір шуағы"атты ертеңгілік өтті

Шағырсай негізгі мектебі

Күні: 6.03.17ж

Өткізген : Бастауыш сынып мұғалімдері

Тақырыбы: «Ана – өмір шуағы»

 Мақсаты : Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер, мақал-мәтел, шарлар.

Барысы:

Кіріспе. (Дәрібаевтардың монологы оқылады. )

 Біз ғана емес, қадір тұтқан балалар,

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі.

Армысыздар қасиетті аналар!

Құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздары, қыздары! 8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз! Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

 Сіздерден өскен балалар,

Батырлармен даналар,

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті абзал аналар,  - дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Искаков Қуаныш Серікұлына беріледі.

 «Отбасы – шағын мемлекет»  деген сөз бар. Ынтымағы келіскен , түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел – ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» дегендей, бақытты бүлдіршіндеріміздің әсем әнін қабыл алыңыздар.

Десек те уақытпен жарыспайды ,

Қиялға қиялмен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,

Жырларын аналарға бағыштайды. Олай болса оқушылардың аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық.

Ендігі кезекте құрметті аналар, өнерпаз оқушыларымыздың мың бұралған биімен тамаша көріністеріне дайындалғанша, 1 сынып оқушыларының «Әже ертегі» әнін қабыл алыңыздар.

Мың бұралып билеген 

Аруды кім сүймеген

Күміс көмей аруларға

Кімдер басын имеген – дей отырып келесі кезекті қыздардың

«Гүлдер» биіне береміз.

 Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі , адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.

Аяулысың , аяулымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,

Сендер үшін мереке шашулары., - дегендей, келесі  бастауыш сынып оқушыларының әзілдерін тамашалайық. Қабыл алыңыздар!

 Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын,

Ән болып сағыныштан ақтарылмай, - деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Жасминнің орындауындағы «Әке Ана» атты әнін қабыл алыңыздар.

Ана аяулым өзіңмен мақтанамын

Ана мен сені меккеге апарамын, демекші әр баланың мойынындағы борышы. Ананы сыйлау және сыйлық ұсыну. Олай болса оқушылардың өз қолымен жасаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар.

Келесі кезекте біздің ұлдарымыздың қыздарға арнап жасаған сыйлықтары бар екен. Соны табыс ете қойсын.

Бишілер бар бізде ұлдар тобы,

Мерекеге өнерімен келген бүгін.

Таң қалдырып қанекей би билеші,

Қол соғып , демеу берсе көрермендер! – деп кезекті бастауыштың байсалды да байыпты ұлдарына береміз.

 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь