Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530690
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды.

Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Ананы құрметтеу, сыйлай білуге, балалардың бойындағы жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.

Әсем безендірілген залға музыка ырғағымен, баяу әуенмен қолдарына гүл ұстап кіреді.Орындыққа отырады.
Жүргізуші:  Қайырлы күн ! Қымбатты аналар,ақ жаулықты әжелер,әріптестер!

 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі құтты болсын!Осындай көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнген емес.

Олар өмірдің гүлі, көңілдің жыры,әр отбасының алтын деңгегі.

Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар. – дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директор С. С . Амангельдиева сөз кезегін береміз.
(директор сөз сөйлейді)
Бүгінгі «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.

Ән: «Көктем келді»

Жүргізуші:Балалар қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда.Адамдарға қуаныш сыйлайтын сиқыршы көктем.Олай болса мерекеге көктемді шақырайық.

Музыка әуенімен залға (Көктем) кіреді.

Көктем:Дала гүлге бөленеді.

Қуанышқа кенеледі.

Орман, торғай,бақтарда

Өйткені мен көктеммін

Құстар сайрай жөнеледі.

Шұғыламды төккенмін.

Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын. Денсаулық, қуаныш, сұлулық тілеймін.

Жүргізуші:Сиқыршы көктем, біздің шақыруымызды қабыл алып мерекемізге келгеніңізге рахмет.

Көктем: Мен қалай келмеймін.Бүгін сондай керемет күн –әжелер мен аналар мерекесі.

Балалар мен сендердің әже, аналарыңның есімдерін білгім келеді.

Жүргізуші:Әрине біздің балалар әже, аналарыңның есімдерін біледі.(Балалар жауап береді)

Көктем:Қандай керемет есімдер.Көп-көп рахмет балалар сендерге.

Жүргізуші:Балалардың аналарына арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Әділбек:

Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен.

Құттықтаймын анашым,

Бүгінгі мейрам күніңмен

8-наурызбен.

Диас:

Анам,анам,ақ анам,

Мен өзіндей ақ балаң.

Айтқан тілді аламын,

Жұмсағанда барамын.

Мерекеміз қызық болу үшін ойын ойнаймыз.

Ойын: «Қыздарға гүл сыйлау»

Бір қыз ,бір ұл  2 пара билейді музыка тоқталғанда ұлдар гүл шоғына жүгіріп қызға сыйлайды.

Нұрболат:

Әжем менің асыл жан,

Жақсылыққа үйреткен,

Жамандықтан шектейді.

 Аяжан:

Әжем менің ақ әжем,

Ақыл беріп үйреткен.

Аппақ әжем,пәк әжем,

Мейірммен тербеткен.

Жүргізуші:- Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз.

«Қариясы бар үйдің қазынасы бар»-деп бекер айтылмаған.Келесі әніміз сіздерге арналады құрметті әжелер.

Ән: Әжемнің шәйы.

Жүргізуші: Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып,
Жасқанбай әр қадамын нық - нық басып,
Биімен көрерменді тәнті ететін
Арулар келді міне толқып, тасып - «Қазақ» биі қарсы алыңыздар.

Ойын: «Аяқ киімдерін табу» (қай қыздың аяқ киімі дұрыс табылмаса сол қызды сәнділейді,

музыка әуенімен қыздарды залды бір айналдырып орындарына апарып отырғызу).

Алина:

Апам мені айым дейді,

Мен мұнайсам уайым жейді.

Апам мені күнім дейді,

Мен қуансам күлімдейді.

Ән: «Анам»

Алишер:

Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз.

Той күні бір-бірден,

Аналарға сыйлаймыз

 Би: «  Поплясать становись»

Ойын : «Гүл кімге тиеді»

Юлианна

:Көктем келді көңілді,.

Құстар келіп жатқанда .

Құлпыртып өңірді,

Гүл ектік бақтарға.

Дана:

Құшағына кіргенде,

Жылынамын бір демде.

Не жетеді көзіңе,

Мейрімді күннен де.

Би:Восточный танец.

Ойын: «Кір жаю»

Шарты:Балалар шелектен жуылған бет орамалды алып беріп тұрады, ал әкелер жіпке іледі.

Бірінші болған топ шелектерін қолдарына алып орындыққа отырады.

Ердос:           

Жұмақ құшақ панам,

Күндей нұрлы анам

Қызығын көр ұл-қыздың,

Еңбек сүйгіш анам.

Аяжан Датова:

Ана -біздің күніміз,

Ананың біз гүліміз.

Балаларды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.
Жүргізуші: Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады.

Келесі кезекті аналарға береміз.

Ойын: «Жылы сөздер»

Аналар өз балаларына берілген әріптерден басталатын жылы сөздер айтады.

Ойын: «Кімнің анасы жылдам?»

«Ойынға 5 ана, 5 қыз шығады» деп ойынды ойнатады (Аналар бантик тағады, қыздар аналарының ерніне далап жағады).

 

Би: «Балапан биі»
Құрметті қонақтар,аналар,әжелер біздің «Анасы бар адамдар ешқашан картаймайды» мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет.

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь