5 сынып оқушыларымен «Ата салтын қадірлей білеміз бе?» атты әңгіме сағатымызда осы салт-санаға бағытталып өткізілді. Оқушыларды халқымыздың ғасырдан -ғасырға жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерімен таныстырылды; көшпелі ғұмыр кешкен бабаларымыздан қалған қасиетті бесіктің бала өміріне пайдаланғаны туралы ұғындырылды, ұлттық құндылықтардың өзіндік үлгі өнегесін балалар бойына сіңірілді, әдет-ғұрып, салт-дәстүрге деген сүйіспеншілігі арттырылды. Оқушылар хормен «Қазақтың дәстүрлері» , «Бесік жыры» деген әндері мен тақпақтары орындалды . Слайд көрсетіліп, кітап көрмесі жасалды. Көріністе «Азан шақырып ат қою», «Бесікке салу» рәсімдері көрсетілді. Соңына қарай халқымыздың түрлі жаман әдеттерден аулақ болу үшін балаларына тәрбиелік мәні бар мақал-мәтел, ырым-тыйым сөздері туралы айтылды.