Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530690
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

1-сынып оқушылары ҚР МЖМБС-2015 жаңартылған білім мазмұны

Елімізде мектеп табалдырығын аттаған  барлық  1-сынып оқушылары ҚР МЖМБС-2015 сәйкес жаңартылған білім мазмұны оқу жоспарлары және оқу бағдарламаларымен оқуды бастадық. Отандық орта білім мазмұнын жаңарту барысында қазіргі өмірде кең ауқымды дағдыларға көп көңіл бөлеміз, сыни тұрғыдан ойлау; зерттеу жұмыстарын орындау; АКТ қолдану; тілдік дағдылармен бірге қарым-қатынастың коммуникативтік тәсілдерін қолдану; топта және жеке жұмыс жасау біліктілігіне үйретеміз. 

Бағалау жүйесіне келетін болсақ,Қазақстандық жалпы білім беретін мектептер үшін жаңа критериалды бағалау жүйесі білім алушыны дамыту, оның оқуға қызығушылығы мен мотивациясын арттыруға бағытталғаны айқын.Сондықтан, әрбір оқушы мен оның ата-анасына бағалау түсінікті, айқын және өлшемді болу үшін мектеп координатормен бірігіп жоспарлы түрде мәлімет бердік.

Жоспарға сәйкес ата-аналар жиналыста ,бастауыш сыныптарындағы білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі және,құжатта формативті және жиынтық бағалау тәртібін ұйымдастыру мен өткізу; тоқсан ішіндегі жиынтық бағалауды модерациялау тәртібі; тоқсандық және жылдық бағаларды қою тәртібі; білім алушылар портфолиосын жүргізу бойынша ақпаратты жеткізуге тырыстық.

Сонымен қатар жиынтық бағалау 1 сыныпта мұғалімдерге, білім алушыларға және ата-аналарға білім алушылардың оқу бағдарламаларының 3-4-тоқсандардағы бөлімдер/ортақ тақырыптарды аяқтағаннан кейінгі балл және бағалар қойылатыны  туралы  айтып өттік.   


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь