Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530690
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

Еркін күрес

     Міне,білектің күшімен, найзаның ұшымен қол жеткізген егемен еліміздің  мерекесіне де санаулы күндер қалды. Тәуелсіз  еліміздің атаулы мерекесіне арналған іс-шаралар әр салада жылдың басынан кезең-кезеңімен жүргізілуде.

     Осы орайда қазан айының 20 жұлдызында  Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында «Нұр Отан»  партиясы және мәжіліс депутат Искаков Д.С. жетекшілігімен  Бидайық орта мектебінде күрес ұйымдастырылды. «Ерке қыз» бишілер тобы жарыстың тұсауынкесерін жасап, мектеп директоры Карымжанова Р.М. мерекемен құттықтап,балуандарға сәттілік тіледі.Жарысты жүргізген  Бидайық орта мектебінің дене тәрбиесі мұғалімі Кушкенов Самат Серікұлы. Жарысқа Жамбыл, Өндіріс ауылдарынан да балуандар қатысты. Төрешілер дене тәрбиесі мұғалімдері Имаганбетов Д.А.(Жамбыл), Уалиев Қ.Қ(Өндіріс), МухамедьяровД.Б ,Шайсултанов А.Б.(Бидайық), Бахытжанов Х.Б.(Уәлихан ауданы). Мектеп спорт залына күрес сүйер қауым тегіс жиналды. Жарыс төрешілері төмендегідей қорытындыға келді:25кг салмақта І орын Кудайкулов Арнұр,ІІ орын Сапарғали Диас (Өндіріс орта мектебінен) ,ІІІ орын Өміржан Елдар, Сейпилов Амерлан, (Бидайық орта мектебінен) иеленсе, 30кг салмақта  Қайыркенов Жасұлан І орын,(Бидайық), Сапарғали Наурызбай ІІорын (Өндіріс), Мухат Ильяс, Ержан Арман ІІІ орын,(Бидайық) жеңіп алды. 35кг салмақта Сапарғали Жан Іорын (Өндіріс),Өміржан Нұрлан ІІ орын (Бидайық), Мухамедьяр Санжар  (Бидайық) және Сапарғали Аспан ІІІ орын (Өндіріс) қанжығаларына байлады, 40кг салмақта Кәкен Береке Іорын(Өндіріс), Ануарбек Жандос ІІ орын (Жамбыл), Төлеутай Ернар (Өндіріс) және Садвакасов Бақытжан (Бидайық)  ІІІ орынды еншіледі.Шебер әдіс-тәсілдері үшін Жамбыл орта мектебінен Бимеш Ермұхан және Өндіріс орта мектебінен Саят Серали  сыйлықтармен марапатталды.Барлық балуандар медальдар мен дипломдарға ие болды. Демеушілік еткен Бидайық шекара бақылау бекеті. Балуандардың білек күші талмасын деген игі тілектер айтылды.Ертеңгі еліміздің болашағы – жастарымыз. Намысқой,елі үшін жаны мен қанын қиятын  ерлеріміз көп болғай!

 

Дене шынықтыру мұғалімі: Кушкенов Самат Серикович


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь