«Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының сурет салу үдерісінде ақпараттық коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру»
Қазақстан Республикасының Президентінің «Ұлттық бәсекелестік білімділік деңгейімен айұындалады. Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» - деген сөзі ұстаздар алдына бағдарлы мақсат жүктеп отыр. «Білім туралы» заңда оқытудың жаңа технологияларын ендіру, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу міндеті айқын көрсетілген. Осы міндеттер тұрғысынан қарағанда пәнді оқыту барысында технологиялардың қолданысқа тиімді, ұтымды нұсқаларын таңдау алдыңғы кезекте тұр.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында оқушылардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр.
Жалпы білім беру саласындағы «құзыреттілік» түсінігі 1960 -1970 жылдардағы шетел әдебиеттерінде, ал 1980 жылдардың соңындағы отандық әдебиеттерде кездесе бастады. «Құзыреттілік» - оқушылар дайындығы сапасының сан қырлы және қызметтік сипаттарының нақты жиынтығын білдіретін ұғым. Құзыреттілікті оқушының пән бойынша игерген білім, білігінің жинағы деп қабылдауға келмейді. Ол – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа.
Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін арттыруда, өз бетімен шешім қабылдай алуын мүмкіндік туғызатын негізгі құзыреттіліктер:
- Ақпараттық құзыреттілік;
- Коммуникативтік құзыреттілік.
Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудың басты мақсаты – оқушыларды ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру, олардың компьютерлік технологияны өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру.
Ақпараттық құзіреттілік:
– сын тұрғысынан ұсынылған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға;
– өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, мақсатқа жету үшін танымдық қызметті жоспарлауға және жүзеге асыруға;
– ақпаратты өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта қарауға сақтауға, түрлендіруге және тасмалдауға, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға;
– логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, құрылымдау, тікелей және жанама дәлелдеу, аналогия бойынша дәлелдеу, моделдеу, ойша эксперименттеу, материалды жүйелеу) қолдана отырып, ақпаратты өңдеуге;
– өзінің оқу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпаратты қолдануға мүмкіндік береді.
Ақпараттық-коммуникациялық құзырлылық – бұл оқу, тұрмыс және кәсіби бағыттағы міндеттерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті.
Соның ішінде оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселелері қазіргі таңда жете қарастыруды қажет етеді. Қазіргі заманның талабына сай мектептерде білім беру жүйесіндегі коммуникативтік құзыреттілік жөнінде көптеген мәселелер қаралып, олар философиялық, педагогикалық, психологиялық тұрғыдан зерттелініп жатыр.
Сабақ үдерісінде ақпараттық - коммуникативтік технологияны \АКТ\ қолдану оқушылардың тәуелсіз ойлауына, ой қорытуына, қабілетіне, визуалды және ауызша түрдегі ақпарат алуына, өз бетімен ізденуіне ықпалын тигізеді.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияға интернет, теледидар, электрондық почта, радионы жатқызуға болады. Бейнелеу өнері, сызу сабақтарын мультимедия кабинетінде электрондық оқулықпен сабақ берудің тиімділігі көп: . Мысалы , PowerPoint, scethup бағдарламаларының мүмкіндіктерін пайдалану.
1.Мұғалім оқушы білімін бағалауды компьютерге жүктейді. Бұл бағалау көрсеткіштерінің нақты, дәл болуын қамтамасыз етеді.
2.Оқушы жеке жұмыс жасайды.
3.Мұғалім сыныптағы оқушылардың жағдайын толық көріп, әрбір оқушының қабілетіне қарай онымен жеке жұмыс жасауға мүмкіндігі ашылады.
Сабақ соңында мынадай нәтижелерге қол жеткізуге болады.
1. Ақпаратты бірнеше сезім мүшелері арқылы бір уақытта қабылдау.
2. Назар аударудың белсенділігі.
3. Пәнге қызығуды жоғарылату.
4. Үйретудің көрнекілігі, танымдылығы.
5. Ұсынылатын ақпараттың сапасын көтеру.
6. Сабақ уақытын үнемді пайдалану.
7. Оқушының жанжақты дамуы.
8. Білім сапасын жақсарту.
Сонымен қатар пәндерді оқыту әдістемесіне интернет жүйесін қосу сапалы білімнің қайнар көзі болар еді. Интернет жүйесі арқылы оқыту оқушылардың өзара ақпарат алмасуын мүмкін етеді, танымдық қызметін арттырады, білім алуға қызығушылық ұлғайып, өз бетінше ізденуге ұмтылдырады. Оқушылардың мұндай қабілеттерін ашып, танымдық іс-әрекетін қалыптастыратын әрине, мұғалім екені даусыз. Оқытудың бұл жүйелерінде мұғалім тек басшылық жасайды әрі ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде болады.
Оқу үдерісінде компьютерді пайдалану оқушылардың өзіндік жұмыстарын ақпараттық - әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге, елеулі өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау