Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530690
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

"Менің сүйікті мамандығым" студенттермен кездесу кеші

Жамбыл орта мектебінде студенттермен кездесу кеші өтті. Кездесудің мақсаты:
  1. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу.
  2. Оларды өз пікірлерін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу.
  3. Оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Мектептен түлеп ұшқалы отырған 11 сынып оқушыларын "қандай мамандықты таңдаймын" немесе "таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін" деген ойлар мазалайтыны анық. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін, ұстаздармен, кешегі түлектер, бүгінгі студент, болашақ маман иелерімен кездестіріп, ой бөлісу, пікір алмасудың маңызы өте зор деп білемін. Кездесуге Көкшетау қаласынан Ш.Уалиханов атындағы мемлекеттік университетінің ІІІ курс студенті Қайыржан Тілек Сағындыққызы, Сергазина Райгүл Рахат қызы филология факультеті, Көкшетау медициналық колледжінің І курс студенті Ануарбек Ақерке Естайқызы "Медбике ісі", Көкшетау Ж.Мусин атындағы жоғарғы педагогикалық колледжінің ІV курс студенті Асқар Анар Сәрсенбайқызы филология факультеті, Көкшетау қаласы Ақан Сері атындпағы мәдениеті колледжінің І курс студенті Шаймуратова Тұрсынгүл Ағыбайқызы театр және ұйымдастыру, Біржан сал атындағы мәдениет Өнер колледжінің І курс студенті Шаймуратов Нұрбол Бөгенбайұлы "домбыра" бөлімінде, Көкшетау қаласы Азаматтық қорғаныс колледжінің І курс студенті Нұржанов Бахтияр Келденбайұлы "Төтенше жағдайлар", Омбы қаласы медицина колледжінің І курс студенті Ерденбай Сымбат Ерденбайқызы "Медбике ісі" мамандықтарың студенттері келіп, Өздерінің студенттік өмірлерімен бөлісті. Студенттік өмірдің қиын да қызықты екенін айтып, барлығына төзе білсе жеңіске жететіндерін нақтылап айтып өтті. Адам өзінің болашақ кәсібіне әртүрлі жолдармен келеді. Біреулері үшін- ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тану қажет. Өз өзіне "Мен кіммін?" , "Осы өмірдегі менің орным қандай?","Қалай өмір сүремін" деген сұраққа жауап алғаны дұрыс.Менің түйген ойым әрбір жеке тұлға өзінің жаны қалайтын мамандыққа барса, сол мамандықтыжетік меңгеріп, биік белестерден көрінетінін түсіндім. Келешекте мен де бір білікті маман болып шығарыма сенімдімін.




Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь