Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Ш.Р.Куандыкова 9-сыныпта қазақ әдебиетінен ашық сабақ өткізді. Тақырыбы: "Шалкиіз жырау шығармашылығы"
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Ш.Р.Куандыкова 9-сыныпта қазақ әдебиетінен ашық сабақ өткізді. Тақырыбы: "Шалкиіз жырау шығармашылығы". Сабақ мақсаты: жырау шығармашылығымен танысу, туындыларындағы негізгі ойды талдау. Шығармаларынан үзінділерді талдау арқылы автордың өзіндік суреттеу тәсілін, жырларындағы реалистік сарынын тану. Сабақ "Әдемі ойлай және демала біл" жаттығуымен басталып, "Шығыс базары" әдісімен үй жұмысы пысықталды. Сабақтың негізгі бөлігінде "Кім тапқыр?", "Ақыл картасы", "Соңғы сөзді мен айтайын", "ПОПС формуласы" әдістері тиімді қолданылды.