Қайрат орта мектебінде желтоқсан айының 27-і күні бастауыш сынып оқушылары мен орта буын оқушылары арасында "Жаңа жыл" мерекелік іс-шарасы тойланды. Бастауыш сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған іс-шара барысында оқушылар әр түрлі ертегі кейіпкерлері болып киініп, өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар іс-шара барысында оқушылармен және ата-аналармен ойындар ойнатылды. Балалар Аяз ата мен Ақшақар екеуімен би билеп көңілдері көтерілді. Шара соңында оқушыларға сыйлықтар таратылды. Ал ортаңғы буын оқушылары 3 топ құрап өзара сайысты. Олар: "Жаңа жыл жұлдыздары" тобы, " Қуыршақтар" тобы және "Қонжықтар" тобы. Сайыс бірнше кезеңнен тұрды. Қызықты әрі тартысты өтті. Сайыс қорытындысы бойынша І орынға "Қуыршақтар" тобы, ІІ орынға "Жаңа жыл жұлдыздары" тобы, ІІІ орынға "Қонжықтар" тобы ие болды. Топтар мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды. Сайыс аяқталғаннан кейін топтарға мерекелік дастархан жайылып, одан кейін би кеші ұйымдастырылды. Жауапты мұғалімдер: Жакетова Г.Р., Бағдат Е.А.