"Тарих тарту еткен-Тәуелсіздік" мерекелік концерті
14 - інші желтоқсан күні Қайрат орта мектебінде Қазақстан Респуликасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай "Тарих тарту еткен-Тәуелсіздік" атты мерекелік іс- шара өтті. Округ әкімі Бітіниев Ержан Қадырұлы мен мектеп директоры Шарипов Еділ Сансызбайұлы барша жиналған қауымды мерекемен құттықтады.Тәуелсіздік құрбандарын еске алу мақсатында 1 минуттық үнсіздік жарияланды. "Көркемөнерпаздар" үйірмесінің оқушылары патриоттық әндер шырқаса, "Шұғыла" би үйірмесінің оқушылары ұлттық билер мен мерекелік флешмоб биледі. Сонымен қатар мектебімізде " Жас тілші" үйірмесінің жетекшілігімен "Желтоқсан - тәуелсіздік шежіресі "атты тақырыбында қабырға газеті дайындалды. Концерт барысында Қайрат орта мектебінде бастауыш сынып оқушыларын "Жас ұлан" ұйымына қабылдау рәсімі салтанатты түрде өтті. Жас ұланшыларға Округ әкімі Бітіниев Ержан Қадырұлы және де мектеп директоры Шарипов Еділ Сансызбайұлы гастуктер мен төс белгі тақты. Мақсаты:салтын ұстанатын, өзгерістерде қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін ұрпақ тәрбиелеу. Концерттік бағдарлама жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді. Өткізген: Тәлімгер, "Жас Ұлан" ұйымы, Үйірме жетекшілері.