Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530690
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

"Бала акын-жас дарын" атты поэзиялық кеш

"Бала ақын-жас дарын"

"Рухани қазына" шағын бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында және Жастар жылының қарсаңында Уәлиханов ауданында 13 желтоқсан күні "Бала акын-жас дарын" атты поэзиялық кеш өтті. Кештің басты жұлдыздары - Солтүстік Қазақстан облысының ақындар мектебінің шәкірттері және жергілікті ақынжанды балалар. 
Кеш барысында жас ақындардың өз авторлық шығармалары, белгілі жазушылардың өлеңдері жатқа оқылды. Бір бөлігі Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арналып, бұл тақырыпқа облыстық ақындар мектебінің шәкірттері тамаша композициясын арнады. 
Кешіміз шарықтау шегіне жетті дегенде, жиналған қауымды тәнті ететін, жас ақындар суырыпсалма өнерін паш ететін айтыстан 2 жұп өнерлерін ортаға салды. 
Сондай-ақ Отан, Туған жер тақырыбына, лирика, махаббат тақырыбына да өлеңдер арналды. 
Кешімізге ерекше сән берген - жергілікті күміскөмей әншілердің орындауындағы дәстүрлі әндер болды. 
Кеш соңында Петропавл қаласынан келген облыстық ақындар мектебінің шәкірттері аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталып, оларға естелік сыйлық табыс етілді. Дәл осындай алғыс хаттармен аудандық ақындар мектебі - жетекшісі Амангелді Оқас, Жамбыл Орта Мектебі, Өндіріс Мектеп, Кішкенекөл Қазақ Мектеп Гимназия, Кішкенекөл н 2 ОМ, Чехов ОМ ақынжанды жастары және Ақтүйесай ОМ өнерпаздары марапатталды. 
Аталған шараны ұйымдастыруға тікелей атсалысқан облыстық ақындар мектебінің жетекшісі Жархын Жұпархан ға үлкен ризашылығымызды білдіреміз! Талапты шәкірттері көп болсын деп тілейміз! Барлық жас ақындарға тек сәттілік, қанатты талмасын дейміз!

                           На данном изображении может находиться: 18 человек, в том числе Аманкелди Охас, Отдел Культуры Уалихановского Района и Жанаргүл Мүшелбай Харшыға, люди улыбаются, люди стоят и костюм
                         На данном изображении может находиться: 21 человек, в том числе Аманкелди Охас, люди на сцене
                                      На данном изображении может находиться: 3 человека, люди стоят, костюм и текст
 
 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь