Тәуелсіздік күні қарсаңында Озерный орта мектебінде мұражайдың ашылу салтанаты өтті.
Тәуелсіздік күні қарсаңында Озерный орта мектебінде мұражайдың ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға ел қариялары, ата-аналар, мектеп мұғалімдері мен оқушылар қатысты. Мектеп директоры А.С.Нуржанов өз сөзінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеудің бағдары іспеттес, ал бұл жолда мұражайдың маңызы ерекше екенін айтып, демеушілерге алғысын білдірді. Ауылдық округ әкімі Қ.С.Жексембаев пен ауыл имамы Қ.Смағұлов мұражайды салтанатты түрде ашып, Байболова Мәрзия апай шашу шашты. Қонақтарға мұражай экспонаттары, ауыл мен мектеп тарихы, соғыс және еңбек ардагерлеріне арналған стендтер жайында экскурсия жасалды. Іс-шара соңы оқушылардың мерекелік концертіне ұласты.