Қайрат орта мектебінде"Мен - Чемпион" балалар спорттық ойыны бойынша облыстық турнирінің 2 - ші аралық кезеңі өткізілді. Турнирге жалпы 5 ауылдық орта мектеп командалары қатысты, олар: " Озерный орта мектебі", "Мортық орта мектебі", « Елтай орта мектебі» , «Әуезов орта мектебі» және де " Қайрат орта мектебі". Сайысқа аудандық білім бөлімінің дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық бойынша әдіскері Шаимов Жәнібек Ханыбекұлы, балалар және жасөспірімдердің дене шынықтыру кешенінің директоры Бауыржан Шамелович Садвокасов және Кішкенекөл № 1 орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Ерденбаев Абылай Айтмағанбетұлы қатысты.Сайыс жоғары деңгейде өтті, ойын қызықты да тартысты болды.Нәтижесінде төрешілер шешімімен І орынды "Озерный орта мектебі", ІІ орынды "Елтай орта мектебі" және ІІІ орынды "Қайрат орта мектебі" еншіледі.Бірінші және екінші орынды алған командалар келесі кезеңге жолдама алды.

\


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау