«Жасөспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата - аналарға психологиялық көмек көрсету»
Қайрат орта мектебінде мектеп түлектерінің ата-аналарымен «Жасөспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата - аналарға психологиялық көмек көрсету» тренингі өтті.
Мақсаты: Ата аналарға ҰБТ - ның маңыздылығы туралы мағлұмат беру, емтихан алдында және емтихан кезінде оқушыларды эмоционалдық психологиялық тұрғыдан қолдау көрсету және жағымды ахуал орнатуға ықпал ету. Оқушыға өз өмірінің субъектісі екеніне көзін жеткізуге көмек жасау. Сонымен қатар ҰБТ-ны тапсыру кезінде барынша толық өз мүмкіндігін іске асыру. Біздің қолдауды қажет ететін оқушыларды табу: үздіктер және ҰБТ-ға дайындық кезінде белгілі бір қиындықта, түлектерге жағымды психоэмоционалды күйіне жетуге тиімді жағдай тудыру