Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530690
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

Әріпті өрнектердің мәнін табу

Математика
А.А.Рахметжанова
Әуезов орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі



Тақырыбы: Әріпті өрнектердің мәнін табу.
Мақсаты: әріптің берілген мәніндегі әріпті өрнектердің мәнін табу; есеп бойынша әріпті өрнектер құрастыруды үйрену.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, қызықты есептер, «Кім жылдам?» ойыны, кестелерді толтыру.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.
Пәнаралық байланыс: музыка, бейнелеу өнері.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Ой қозғау.
3.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
4.Ұғынайық білейік.
5.Сергіту сәті
6.Есептерді шығар.
7. Өзіңізді тексеріңіз.
8.Қорытындылау. Ойын.
9. Үйге тапсырма беру.
10. Рефлексия.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
«Сәлем - сөздің анасы» дегендей, келген қонақтарға құрмет көрсетіп, сәлемдесейік.
Оқушылар. Үлкенге де «Сіз»
Кішіге де «Сіз»,
Қонақтарды, құрметтеп,
Бас иеміз біз!
Шаттық шеңбері: оқушылар бір - бірімен амандасып, жақсы тілектер тілейді.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
2.Ой қозғау. Ауызша есептеулер.
3. Үй тапсырмасын тексеру.
A + 7 9-b d -5 2 + c b + d - әріпті өрнектер
Математикада өрнектерді жазу үшін латын әліпбиінің әріптерін қолданады.
Жаңа тақырып: Әріпті өрнектер.
№1 Әріпті өрнектердің мәнін тап, мұндағы b = 3; 4; 1
B+ 1 b+1 +3 b + b 5 – b
№2 Кесте бойынша өрнектерді оқы және олардың мәнін тап. (тақтамен жұмыс)



с 7 5 4 6 1 2 0
С+3

а 7 3 2 8 4 5 0
10 - а

№3 Сөзді есеп.
Болат- 7
Бақытжан - ? 3 –еуі кем
Шешуі: 7 – 3= 4
Жауабы: 4 балық .
Дәптермен жұмыс.
№1 Есеп бойынша өрнек құрастыр.
а) 6+ b 3+ b 10 - b
№2 10 саны шығатындай 3кегльді боя.
5 + 4 +1=10 7 + 2+ 1 = 10 5 + 3+ 2 = 10
Сергіту сәті.
№3 Берілген кесінділердің қосындысы мен айырмасын тап.
см + см см - см
№4 Сөзді есеп.
Шарты: Асқар – 4
Серік – 6
Барлығы - ?
Шешуі: 4 + 6 – 10
Жауабы: 10 балық.
№5 Өзіңізді тексеріңіз.
5+3 8- 5 4+3 9-5
10 – 3 5+4 10-5 4+6
Ойын: «Кім тапқыр?»
Қорытындылау: Әріпті өрнек дегеніміз не?
Санды өрнектен айырмашылығы қандай? Әріпті өрнекті қандай әріптермен белгілейді? Әріпті өрнектің мәнін қалай табуға болады? (әріптің мәні белгілі болса)
Үйге тапсырма: 143-144 бет
Рефлексия: Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Бүгінгі жасаған жұмыстарың, алған білімдерің өмірде қажет пе? Есеп шығару барысында бір –бірлеріңе көмектестіңдер ме? Бағалау

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь