Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530690
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

«Білімді ұрпақ-ертеңгі болашақ» жаратылыстану пәндер бірлестігінің апталығы


16-23 қаңтар  аралығында «Жаратылыстану» пәндер бірлестігінің апталығы болып өтті . Апталық жоспары алдын- ала мектеп директорына бекітілді. Апталық тақырыптары жүйелі болып құрылу үшін мектеп оқу ісі меңгерушісі З.А.Жұмажанованың пікірі де еске алынды.

16.01 күні апталық сағат 13.00 де биология пән мұғалімдері Газизов А.К мен Кабуйдуллина З.С бірлесе отырып «Білімді ұрпақ –ертеңгі болашақ» тақырыбында апталықтың ашылуын салтанатты түрде  телекөпір түрінде өткерді.
       

17.01 күні «Жұлдызды сәт» интеллектуальдық  ойын 5-а,ә сыныптарында өтілді. Математика пәні мұғалімі Л.К.Булатова.Сайыс өз деңгейінде өтті.

18.01 күні «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін –математика» тақырыбында           9-сыныпқа Каментиков.Е.К білгірлер сайысын өткізді. Сайыс тартымды өтті.
       

19.01 күні «Универсиада-2017» тақырыбында өткерген Валиева Х.Р 6-7 сыныптар арасында өткізген сайыс сабағы ұстаздың жаңалығы мол екендігін көрсетті. Елімізде өткелі тұрған Универсиадаға деген қызығушылықтарын біраз оятты деуге болады.

«ЭКСПО-2017» Тақырыбында өткерілген физика пәні мұғалімі Ә.Ш.Мажитовтің  тәжірибелерін оқушылар күнделікті өмірге қолдана білетіндерін түсінді.

20.01 күні географиядан өтілген «География әлеміне саяхат» жарыс сабағы   6-а, 6-ә сынып оқушыларының пәнге деген қызығушылығы  арта түсті деуге болады. Сайыста оқушылар өздерін  ержүрек саяхатшыларға теңеудің өзінен байқалады.  

21.01 күні «Информатика білгірлері»  атты сайыс 8-сынып оқушыларымен пән мұғалімі Валиева З.Р өткізді. Сайыс қызықты өтті. Оқушылардың  компьютерлік сауаттылығы жоғары,  ұстаздың сабағы жүйелі жоспарланған.

23.01. күні 10-сыныпта Газизова А.К «Қызықты биология» ойын сабағы өтті. Оқушылардың ойын, санасын ойын арқылы жетілдіруді мақсат еткен мұғалім мақсатына жетті деуге болады.

24.01. күні сағат 13.30 да «Апталықтың жабылуы» 5-6 сынып оқушыларының

«ЭКСПО-біздің мақтанышымыз» тақырыбында көрме ұйымдастыруымен және оқушыларды марапаттаулармен жабылды.

Көрмеде 8-сынып оқушысы Дауренбек Аян- гран при иегері болды.

Сагдатов Арсен—1-орын

Кабжанова Ж, Айкешова Д-2орын

Сагдатова А,Мұхтар Н,Қайыргельді М-3орын иегерлері атанды.

Апталықты  оқу ісінің меңгерушісі З.А.Жұмажанова қорытындылап, жақсы деп бағалады.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь